Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
     
«Шәкіртсіз ұстаз – тұл!»
Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Дәл осындай ұранмен №83 жалпы орта мектебінде «Екі жұлдыз-2017» сайысы өткізілді. Шара барысында қатысушылар ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында сұрақ-жауап кезеңінен өтіп, ән шырқап, би билеп өз өнерлерін паш етті. Мұндағы негізгі тоқтам – құқықбұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалана отырып, ұстаз бен шәкірттің арасындағы байланысты нығайту.

Азаматтық қорғаныс іс-шаралары бойынша IV тоқсанда жоспарланған сейсмикалық оқу жаттығулар өткізілді

    2017 жылдың 6 қазан күні Шымкент қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері тарапынан Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы, Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету станциясы, Шымкент қаласының Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтерімен бірлескен түрде Азаматтық қорғаныс     іс-шаралары бойынша IV тоқсанда жоспарланған сейсмикалық оқу жаттығулар өткізілді.

   Аталған іс-шара төтенше жағдайлар орын алған кезде қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін сақтау, жедел құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге бағытталған.

[metaslider id=7265]

 
«Мектеп қыздар футбол лигасының» ашылуы өтті

2017 жылғы 4 қазан күні Шымкент қаласындағы Жоғарғы шеберлік спорт мектебінің (ШВСМ) спорт залында Оңтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы «облыстық әдістемелік кабинетінің», «Мектеп қыздар футбол лигасы» мен  қалалық білім бөлімінің бірлескен жоспарына сәйкес, мектеп оқушылары арасындағы «Мектеп қыздар футбол лигасының» ашылу салтанаты өтті.

Аталған іс-шараға Қазақстан футбол федерациясының бұқаралық әйелдер футболы мен футзал департаментінің директорының орынбасары Дюзельбеков Берік Балқыбекұлы, облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бердашев Айтмаханбетәлі Ильясұлы, білім басқармасының бас маманы Араб Қайрат, облыстық әдістемелік кабинетінің мамандары және қалалық, аудандық білім бөлімінің денешынықтыру және АӘД пәнінің әдіскерлері қатысты.

Жалпы, «Мектеп қыздар футбол лигасының» ойындарына Шымкент қаласының мектептерінен 64 команда (1200-ден астам қыздар) және аудандық білім бөлімдерінің командалары қатысады. Лига ойындарының алғашқы кезеңі  қазан-желтоқсан айларында өткізіліп, жеңіске жеткен командалар аудан командаларымен бірлесіп, сәуір айында облыстың жеңімпаз командаларын анықтайды.

[metaslider id=7246]

 
«Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық жауаптылығын алдын алу» тақырыбында мәжіліс өтті

2017 жылғы 28 қыркүйекте Шымкент қаласының білім бөлімі ғимаратының мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Д.Қоңырбаев пен білім бөлімінің қызметкерлері, жалпы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық жауаптылығын алдын алу» тақырыбында мәжіліс өткізілді. Мәжілісте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайларының алдын алудағы білім беру ұйымдарының ролі туралы айта келе, бірнеше рет қылмыс жасаған оқушы оқитын мектеп басшысының қызметтік мәселесін қарау, кәмелетке толмағандар  ісі бойынша сот  процестерін қылмыс  орын  алған  мектептердің  базасында  өткізу, "тәртібі  қиын" балаларды осы сот процестеріне  қатыстыру туралы ұсыныстар  берілді

 
Жуырда қолданысқа енген «T-HUNTER» бағдарламасы мамандардың білімін анықтап, сол мезет тұрақты жұмысқа тұруына мол мүмкіндік сыйлап жатыр

Жуырда қолданысқа енген «T-HUNTER» бағдарламасы мамандардың білімін анықтап, сол мезет тұрақты жұмысқа тұруына мол мүмкіндік сыйлап жатыр !!! Айтулы мемлекеттік жоба аясында педагогтардың қатарын толықтырған тараптар алғашқы әсерлерін қуана жеткізді. Айтуларынша, дәл осы бағдарлама қоғамдағы түрлі қақтығыс-қауесет өзге де өзекті мәселелерді жоюға, оның алдын алуға сеп болады. Ал, енді осы «T-HUNTER» бағдарламасының шарапатын көрген мұғалімдерге жұмыста ізденіс, қызметте өрлеу тілейміз! Көшбасшы шәкірттер көп болсын !!!