Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
     
ШЫМКЕНТТЕГІ МЕКТЕПТЕРГЕ ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЗІЛІП ЖАТЫР

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕКТЕПТЕРГЕ ОҚУЛЫҚТАР ЖЕТКІЗІЛІП ЖАТЫР

Биыл шымкенттік шәкірттер оқулықтан тарықпайды. Бұл үшін қаламыздағы білім ұяларына 1 миллион 4849 кітап жеткізілмек. Бір емес, ондаған баспаханадан жарық көрген кітаптар қазір арнайы жүк көліктеріне тиеліп, мектептерге үлестірілуге кіріскен.

Жаңа оқу жылына делінген оқулықтар қорап-қорап қағаз қапталған. Кітаптың осындай мыңдаған данасы жүк көлігіне тиеліп, қазір “Қазпошта” АҚ-ның аумағына жеткізіліп жатыр. Мұндағы арнайы қоймаға жайғастырылған жинақтарды күтіп алушылар да жоқ емес. Қаламыздағы мектептердің басшылығы мен кітапханашылары жыл бұрын тапсырыс берген кітаптарын түгендеп жүр.

Қаламызда барлығы 128 мектеп бар болса, биыл білім ұяларының кітаптармен жасақталуы үшін 12 бірдей баспаханамен арнайы келісім -шарт түзілген. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының айтуынша, шаһарамызға тиісті оқулықтар тамыз айының соңғы күндеріне дейін тасымалданады.

Жанат Тәжиева, Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы: “25 тамызға дейін оқулықтар бізге толығымен жеткізіледі. 2, 5 және 7 сыныптардың оқушылары 100 пайызға кітаппен қамтылады. 1 және 8 сыныптың оқушылары да кітапты мектептен тегін алуға мүмкіндіктері бар. Ал 3, 4, 5, 6 және 11 сыныпқа дейінгі өзге де оқушылар – әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балалары және  көмекке мұқтаж шәкірттерге оқулықтар түгел беріледі. Ал қалған оқушылар сауда нүктелерінен сатып алатын болады”.

Айта өтейік, биыл үлестірілуі тиіс миллионнан астып жығылатын кітаптар үшін қазынадан қомақты қаржы қаралған. Яғни, мектеп оқушыларының оқулықтарына 1 млрд 300 миллион теңге бөлініп отыр.

ШЫМКЕНТТІК ҚОС ӨНЕРТАПҚЫШ ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ЛОНДОНДА ҚОРҒАЙТЫН БОЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ҚОС ӨНЕРТАПҚЫШ ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ЛОНДОНДА ҚОРҒАЙТЫН БОЛДЫ

Жыл сайын өтетін “Шапағат”  республикалық өнертапқыштар байқауында биыл шымкенттік оқушылардың жолы болды. Еліміз бойынша қатысқан 16 команданың ішінен қос өнертапқыш Сымбат Орынбасар мен Диана Әділхан екі жүлделі орынға ие болды. Қаламыздағы Ы. Алтынсарин атындағы №65 мектептің қос оқушысы “Көлік саласы туралы үздік жоба” номинациясы бойынша жұмыстарын ұсынған.
Диана Әділхан “Біркелкі ұшудың авиациялық моделі” жобасын дайындапты. Яғни алдымен ұшақты емес, оның моделін дайындаудың артықшылықтарын көрсеткен. Сымбаттың жұмысы да ерекше. Өйткені өндіріске жаңадан енген ұшқышсыз ұшу аппаратының барлық мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі зерттепті. Тіпті оның арнайы күн көзі арқылы қуаттандыруға болатыны туралы еңбегі де бар. Байқау кезінде оқушылар өз жобаларын тек ағылшын тілінде қорғап қана қоймай, түрлі тапсырмаларды орындаған. Аэроғарыштық жарыстар жөнінде түрлі шеберлік сабақтарға қатысып, болашақтықтармен жүздеседі. Сымбат Орынбасар мен Диана Әділханның қуанышында шек жоқ. Қазір жас ғалымдар Лондонға ұшып кетті. Енді олар Granfield университетінде өзге де дарынды  оқушылармен бірге түрлі танымдық сабақтарға қатысады, бірегей жобаларын таныстырады. Оны ары қарай дамытуға мүмкіндік алады.
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНДЕГІ САЯХАТЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР!!!

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың 7-ші легі жетті. Осынау шараға жолдама алған жасақтың құрамында 150 шәкірт бар. Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев университетінің жатақханасына жайғасты. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде. Саяхаттың алғашқы күнінде белсенді топ көрменің басты нысаны - «Нұрлы әлем» ұлттық павильоны, сондай-ақ, шетелдіктердің ұсынған заманауи технологиясының жаңа жетістіктерін тамашалап, энергия-қуат күшін алатын тың жоба - жеке аймағымен танысты. Қалған күндері Елордамыздағы бірқатар мәдени ошақтар - ҚР Ұлттық музейі мен Бейбітшілік және Келісім сарайы, «Астана-Бәйтерек» монументалды ғимараты, «Президент» саябағы секілді ауқымды нысандарды аралайтын болады. Айта өтейік, Астанаға - "EXPO-2017" халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады.

 [metaslider id=6873]

Мектепке дейінгі мекемелеріне жолдаманы беру тәртібі

Шымкент қаласының білім бөлімі мектепке  дейінгі  мекемелеріне  жолдаманы  беру  тәртібін   ұсынады

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ «EXPO-2017» КӨРМЕСІНІҢ ТӨРІНДЕ!
Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Бүгінде Шымкент қаласы бойынша айтулы халықаралық көрмеге оқушылардың 6-шы легі аттанып кетті. Айта өтетін ақпарат, жолға шыққан оқушыларға бар жағдай жасалып отыр. Әрбір 10 балаға бір жетекші мен 2 дәрігер бекітілген. Ал Астанаға жеткен соң, оқушылар Назарбаев оқу орнының жатақханасына жайғасады. Ас мәзірі де аталған оқу орнының асханасында үлестірілуде. Сондай-ақ, Астанаға - "EXPO-2017" халықаралық көрмесіне жолдама оқуда озат болған оқушыларға ғана емес, әлеуметтік аз қамтылған отбасының балаларына да табысталған. 1650 шәкірт үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы қаралса, 2000 балаға жергілікті кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.