Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика
     
«Менің болашағым – Тәуелсіз Қазақстан аясында» атты мерекелік іс-шарасы
1   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім бөліміне қарасты №98 «Мерей» бөбекжай-балабақшасында «Менің болашағым – Тәуелсіз Қазақстан аясында» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында көрме және қойылым ұйымдастырылды.Аталған шараның басты мақсаты: егеменді еліміздің болашағы-жас ұрпақтар. Осы болашағымызды жалғастырушы ұрпақтың бойына Отаңға деген сүйіспеншіліктерін, туған жері мен елін сүюге, оларды қорғай білуге тәрбиелеу. 3 5  7 9 12 13  616 19 22  28 29 30
«Болашақ энергия –Қазақстанның болашағы», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Мектебімізге 25 жыл» атты форум
1   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында және «Қазығұрт» №66 жалпы орта мектебінің ашылғанына 25 жылдығына орай «Болашақ энергия –Қазақстанның болашағы», «Тәуелсіздікке 25 жыл», «Мектебімізге 25 жыл» атты форум өткізілді.Іс-шара барысында патриоттық әндерге 100 оқушыдан дайындалған флеш моб және «ЭКСПО-2017» тақырыбына сәйкес жел энергиясының макеттерінен көрме ұйымдастырылды.   2 3   6 7
Лайықты ұрпак тәрбиелейік жол картасы
1   Лайықты ұрпак тәрбиелейік жол картасы аясында Шымкент қаласының оқушылары Қаратау аудандық сотының жұмысымен танысып, судьялармен кеңесіп, Қазақстан Республикасының Заңдары бойынша түсінік алды. 4 5   Сонымен  қатар  2016 жылдың  6 қазан күні Шымкент қаласының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен прокуратура қызметкерлері бірлесе отырып, түнгі уақытта арнайы рейдтік іс шара өткізді! Рейд барысында бірнеше жасөспірімдер анықталды! 12
Кітапханашылар күні
6   Кітапхана- ғылым мен білімнің, даналық пен дархандылықтың киелі кеніші десек, ал кітапханашылар осы қасиетті қара шаңырақтың шын жанашырлары. Кітапханашылар күні – бұл төл мереке ғана емес, осы мамандықтың маңыздылығын мойындау күні.Кәсіби Кітапханашылар күні мерекесіне орай бүгін, №7 мектеп-лицейінің акт залында Шымкент қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Тажиева Ж.А. қатысып, кітапханашыларды мерекелерімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады. 2 33 4 6 7 8 9 10 13014 16 17
№49 «Жасұлан» бөбекжай-балабақшасында «25 жыл: Бір Ел.Бір тағдыр» атты іс-шара өтті.
1   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында №49 «Жасұлан» бөбекжай-балабақшасында «25 жыл: Бір Ел.Бір тағдыр» атты іс-шара өтті. Бүлдіршіндер ән-айтып, би билеумен қатар, шағын қойылым көрсетті. Балабақша тәрбиеленушілері арнайы бағдарлама дайындап, іс-шара шеңберінде патриоттық әндер мен тақпақтар айтты. Ал тәрбиешілер мен ата-аналар кештің басты сарапшылары болып, жақсы өнер көрсеткендерге сыйлықтар таратты. 3 4 5 7 86 9