Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды

Шымкент қаласы бойынша ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы нәтижелері белгілі болды. Дәлірегі – маусым айының 20-жұлдызында тапсырылған мемлекеттік сынақтың бірінші күнінің қорытындысы мынадай:

Қатысқан талапкерлер саны – 971, орта балл – 78,5. Ал жоғары ұпайды Шымкенттегі №47 мектептің түлегі Әйгерім Жолдасбекова (суретте) жинады. Жас түлек 136 балды еншілеп отыр!
Ал бүгін, яғни, 21 маусымда 339 оқушы ҰБТ тапсырды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғимаратына түлектер 45 минутта кіргізілді. Ал нысанның айналасына арнайы орындықтар койылып, шатыр тігілді.

Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, қаламыздағы мектептерден айтулы мемлекеттік сынаққа қатысуға өтініш білдірген оқушылар саны – 5059. Қазақ тілінде – 4072, орыс тілінде – 987.

Айта кетейік, Шымкентте тестілеу 3 пункте өтіп жатырі. Олар:
1. М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 1 457 оқушы (26 мектеп).
2. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы – 1 383 оқушы (30 мектеп).
3. Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті – 2 219 оқушы (57 мектеп).

ҰБТ 5 пәннен өткізіледі (3 міндетті, 2 таңдау пәндері).
Тестілеу уақыты – 3 сағат 50 минут. Жалпы тапсырма саны – 120, максималды балл саны – 140.

Публикация: 21.06.2017 г.