Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласының білім бөлімінде 2015 жылы атқарылған жұмыстарының есебі

 

Шымкент қаласының  білім бөлімінде  2015 жылы атқарылған жұмыстарының есебі

 

 Білім бөліміне қарасты мекемелер.

2014 жылы  Шымкент қаласындағы   мектептер саны — 128 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны — 80,  мектептен тыс мекемелер саны — 9.

2015 жылы мектептер саны — 127 (3 кешкі мектеп), мектепке дейінгі мекемелер саны — 84,  мектептен тыс мекемелер саны – 9.

 

  Жылдар Мектептер Балалақшалар Мектептен тыс мекемелер
Мекеме саны Оқушы саны Мекеме саны Оқушы саны Мекеме саны Оқушы саны
2014 128 148351 80 24377 9 14090
2015 127 156767 84 23810 9 14260

 

2014 жылмен салыстырғанда қаладағы мектептер саны азайып отыр, себебі 2015 жылы №124 «Жыланбұзған» жалпы орта мектебі Төлеби ауданына өткен болса, ал №71 Айкөл шағын жинақты бастауыш мектебі облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жабылып, мектеп саны 126 кемісе,  01.09.2015 жылы Сайрам т.а. 1200 орындық №71 мектеп іске қосылып, мектептер саны 127-ге жетті.

2015 жылы типтік мектеп – 99, ыңғайластырылған мектеп саны – 26. Түзету мекемесінде 2 мектеп орналасқан.

Қаржыландыру.  2015 жылға  білім саласын дамытуға 31 млд. 606 млн.                 982 мың теңге бөлініп, аталған қаржының 31 млрд. 527 млн. 964 мың теңгесі, яғни  99,75%-ы  игерілді.

 

с Бюджет түрі 2014 жыл (мың теңге) 2015 жыл (мың теңге)
1 Жергілікті бюджет 22 941 967,0 23 894 330,0
2 Республикалық бюджет 6 620 476,0 5 511 241,0
3 Облыстық бюджет 627 995,0 2 201 411,0
Барлығы 30 190 438,0 31 606 982,0

 

Білім қорына бөлінген қаржы.  2015 жылы білім қорына 470 млн. 091 мың теңге қаралды, ол 2,2 %-ды  құрап отыр. Оның ішінде, 324 млн. 891 мың теңгеге  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 8184 оқушы және туберкулез дертіне шалдыққан  2387 бала  ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде,  103 млн. 500 мың теңгеге  4500 бала бала қала сыртындағы лагерлерде жазғы демалыспен қамтылды. Ал, 41 млн. 700 мың теңгеге әлеуметтік жағдайы төмен 4170 балаға қажетті киім-кешек, оқу құралдарымен жабдықталды.

Педагог кадрлар.

 

Жылдар Ұстаздар саны Жоғары санат І-санат ІІ-санат Санатсыз
1 2014 жыл 15691 398125,4% 362823,1% 442728,2% 365523,3%
2 2015 жыл  16112 423426,3% 383523,8% 456128,3% 348221,6%

 

Шымкент қаласының 2015 жылы біліктілікті арттыруға облыстық бюджет есебінен  2510 мұғалімге 146 858 мың теңге қаржы қаралып. Оның ішінде  «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы  базасында үш  деңгейлік (3 ай) курстарға  761 мұғалім (оның ішінде 726 мұғалім,  35  мектеп басшылары), қысқа мерзімді курстарға (2 апта) 1749 мұғалімді жіберу жоспарланған. 2015 жылы біліктілікті арттыру курстарына жіберу жоспарланған 2510 мұғалімнің ішінде 2458-і курстардан өтті. Қалған 52 мұғалім 2016 жылға қалдырылды.

Күрделі жөндеу. 2014 жылға 29 мектепке, 8 балабақшаға және 3 әкімшілік ғимаратына  күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. 2014 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген 40 мекеменің – 2 мектебінде (№25, 38) ЖСҚ-да қаралған қаржы 2015 жылға өтпелі.

Ал, 2015 жылы күрделі жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 929 млн 176 мың теңге қаржы  бөлініп, ол қаржыға 6 мектепке (№№21,25,41,43,44,65) және 7 балабақшаға (№№24,41,69,70,75,97,118) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңа құрылыс.  2014 жылдың желтоқсан айында 2 балабақша (Самал-3-320, Тұлпар-320 орындық) және 3 мектеп (Ворошиловка елді-мекеніндегі 1200, Құрсай ш/а-900, №105 жом – 300 орындық) құрылысы  пайдалануға берілді.

2014 жылдың маусым айында құрылыстары басталған  Ақтас-2 – 200 орындық, Көкбұлақ -300, Бозарық-1200, Қаражол-900, Сайрам-1200 орындық мектеп және Гаражная-80, Нұртас-320, Қазығұрт-330, Жангелдин-320, Самал-2-320, Бозарық-320, Ерімбетов-320 орындық балабақшалардың құрылысы  2015 жылға өтпелі.

2015 жылы құрылысы  жүргізіліп жатқан нысандардың ішінде 7 балабақшаның құрыстары аяқталып, 1 балабақша (Гаражная-80 орындық) тамыз айында,                         2 балабақша (Жангелдин-320, Қазығұрт-330) қыркүйек айында, 4 балабақша (Самал-2 – 320, Нұртас-320, Бозарық-320, Ерімбетов-320) желотоқсан айында пайдалануға берілді. Сонымен қатар,  Ақтас-2 — 200 орындық, Көкбұлақ-300, Сайрам-1200 орындық мектептері қыркүйек айында, Бозарық-1200, Қаражол-900 орындық мектептері желтоқсан айында  пайдалануға  берілді.

Қосымша құрылыс. 2014 жылы №15,58 мектептердің қосымша құрылыстарының және БЭСМ-3 мәжіліс залының жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды. Ал, 2015 жылы №22, 94 мектептердің қосымша ғимараттарының құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

№34 жалпы орта мектепте  150 орындық қосымша құрылысы жүргізілуде, ағымдағы жылдың соңына дейін тапсыру жоспарланған.

Апатты жағдайдағы мектептер. 2014 жылы 6 (№1, 12, 36, 105, 118, 124) мектептердің ғимараттары апатты жағдайда деп танылып, соның ішінде 2014 жылы №1, 105, 124 мектептерінің қайта құру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

2015 жылы 4 (№12, 34, 36, 118) мектеп апатты жағдайда деп танылған. Аталған мектептерде қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылдың    қыркүйек айында 3 мектеп құрылысы (№12,36,118) пайдалануға  берілді.   Ал, №34 мектепте күрделі жұмыстары жұмыстары жүргізіліп, қазіргі таңда Шымкент қаласындағы 4  апатты мектептердің мәселесі толық шешімін тапты.

Үш ауысымда оқытылатын мектептер. 2014 жылы 3 ауысымда оқитын   10 мектеп (№49, 57, 59, 69, 76, 82, 83, 85,  91, 111) болып белгіленді.

2013-2014 оқу жылында оқушылар саны 148351 болса, 2014-2015 оқу жылындағы оқушылар саны 156767-ге жетті. 2014 жылмен салыстырғанда  бала саны 8416-ға өсіп отырғандықтан, кейбір мектептер үш ауысымда білім беруде.

Шымкент қаласында 2015 жылдың басында 3 ауысымда 9 мектепте (№57,59, 69, 76, 82, 83,85, 91, 111) білім беретін болса,  2015 жылдың  желтоқсан айында №57 мектептеБозарық т.а. 1200 орындық мектеп құрылысы, №85  мектептеҚаражол т.а. 900 орындық мектеп құрылысы пайдалануға берілді.  Қазіргі таңда,  үш ауысымда 7 мектеп (№59, 69, 76, 82, 83, 91, 111) білім беруде.

Аталған мектептерде үш ауысымдылықты жою үшін төмендегі жұмыстар атқарылуда:

  • №91 мектепкеТассай т.а. 300 орындық, №111 мектепкеСайрам т.а.  300 орындық мектептердің құрылысы жүргізілуде, 2016 жылы тапсыру жоспарланған;
  • №69 мектепкеДостық т.а. 1200 орындық, №76 мектепкеСәуле ш.а. 1200 орындық жаңа мектептердің құрылысына ЖСҚ дайындалып, облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына тапсырылды. Құрылысты аяқтау мерзімі 2017 жылға жоспарланған;
  • №59 мектепкеАқжайық т.а. 600 орындық, №82 мектепкеЖаңаталап т.а. 600 орындық, №83 мектепкеҚайнарбұлақ т.а. 1200 орындық мектептердің құрылысын салуға 2015 жылы ЖСҚ дайындалып, облыстық білім жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасына тапсырылды. Құрылысты аяқтау мерзімі    2017 жылға жоспарланған.

2017 жылдың соңына дейін Шымкент қаласындағы үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі толық шешімін табады.

Тасымал. 2014 жылы 10 (№55,56,58,61,72,73,83,88,98,120) жалпы орта мектептерінің  оқушылары тасымалданды.

2015 жылы 10 (№49,55,58,61,69,72,73,88,98,120) жалпы орта мектептің  оқушыларын тасымалдау  қажет ететін. Қазіргі таңда тасымал жұмыстары жүргізу үшін Шымкент қаласы әкімінің қаулысы шығарылып, 2016 жылдың қаңтар айының 13-нен бастап ұйымдастыру жоспарлануда.

Оқулық.  Білім және ғылым министрінің тапсырмасына орай  2011 жылы 4, 6, 11 сынып, 2012 жылы 1, 7, 8 сынып, 2013 жылы 2, 9 сынып  оқушыларының оқулығы және 1-ші сыныптың ағылшын тілі, 5-ші сыныптың информатика оқулықтарымен қамтылды. 2014 жылы 2-сынып ағылшын тілі оқулығы,  3, 10-сынып оқушыларының оқулығы және 6-сынып информатика пәні оқулықтары мекемелерге толық жеткізілді.  2015 жылы  4, 5, 6,11-сынып  оқушыларының оқулығы, 3-сыныптың ағылшын тілі,  7-сыныптың информатика  оқулықтарымен қамту   100 % құрап отыр.

Компьютер. Білім беру мектептері 100 пайызға телефондандырылып, интернет желісіне 100% қосылған. 2014 жылы 1 компьютерге 15 оқушыдан келсе, 2015 жылы 1 компьютерге 15 оқушыдан келіп отыр. 2015 жылға республикалық бюджеттен 10 000 дана компютерге сұраныс берілген болатын. Алайда, қаржы тапшылығына байланысты бюджеттен  қаржы қаралмады.

2015 жылы 36 мектебі «е-learning» бағдарламасына сәйкес  толық жабдықталған.

e-Learning электрондық оқыту жүйесі — Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.

Жобаның негізгі мақсаттары:

  • үздік білім ресурстары мен технологияларға білім беру процесінің барлық қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
  • мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің сапасын елеулі арттыру;
  • байланыстың және цифрлық технологиялардың заманауи құралдары мүмкіншіліктерін пайдаланумен оқу процесіне қатысушылар үшін сапалы білім беру қызметтерін дамыту;
  • оқытудың жаңа құралдарын енгізу есебінен білім беру ресурстарына қолжетімділіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету.

Кабинет.  2015 жылы білім мекемелерінде интерактивті тақталар саны — 387, сонымен қатар,  47 биология, 63 физика, 59 химия және 163 лингафон кабинеттері заманауи жабдықтармен  жабдықталды.

 

Жылдар Лингафондық кабинеттер Интерактивті тақталар Физика кабинеттері Химия кабинеттері Биология кабинеттері
2014 159 387 63 57 47
2015 163 387 63 59 47

 

Ұлттық бірыңғай тестілеу.  2014-2015 оқу жылында Шымкент қаласы бойынша 6519 мектеп бітіруші, олардың ішінде өзбек тілінде оқитыны — 1084 бітіруші, емтихан тапсырғаны 2576 оқушы, ҰБТ тапсыруға өтініш бергені — 3943 оқушы (ол, 72 пайызды құрайды). Оның ішінде 22 оқушы ҚР БҒМ    22.05.2015 жылғы  №320 бұйрығына сәйкес ҰБТ-дан босатылды.

Шымкент қаласы бойынша орта балл 81,8 ( 2014 жылы  — 80,1  + 1,7 балға жоғары).

 

Жыл Мектеп саны 11- сынып бітірушілер саны ҰБТ-ға қатыс-қаны Орта балл 0-49 аралығында балл жинаған оқушы саны 100-125аралығында балл жинаған оқушы саны «Алтын белгі» иегерлер саны
2014 125 6428 3928 80,1 350 635 100
2015 123 6519 3921 81,8 337 728 81

 

Мектептен тыс мекемелер. Шымкент қалалық білім бөліміне қарасты мектеп оқушыларының сабақтан бос уақыттарын тиімді  ұйымдастыру мақсатында    2015 жылы 9 мектептен тыс мекеме жұмыс істеуде.  Ондағы оқушылар саны — 14260.

Үйірме жұмысы туралы. 2014 жылы қаламызда жұмыс істейтін 15 аула клубында 23 түрлі үйірмелерге 3614 бала тартылған. Ал, 2015 жылы 848 үйірмелерге 25584 бала тартылып отыр.

Жасөспірімдерге  салауатты өмір салтын насихатттау  мақсатында 91 спорт зал, 32 спорт алаңшалары жұмыс істеуде. 494 спорттық секцияларға 44405 бала қамтылған.

Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс. 2015 жылы  аудандық ішкі істер бөліміне жасаған қылмысы мен тәртіп бұзушылық себептерімен 81 оқушы есепке тіркелген. (2014 жылы бұл көрсеткіш 73 болған).

Білім мекемелерінде мектеп инспекторлары мен психологтар бірлесіп алған сауалнаманың нәтижесі бойынша 2014-2015 оқу жылында құқық бұзуға бейім девиантты мінез-құлықты 276 оқушы мектепішілік есепке алынып, тәлімгерлер бекітілді.

2014 жылы кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында 172 қылмыс тіркелген болса,   2015 жылы 175-ке жетті.

Білім мекемелерінде оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу  мақсатында   Шымкент қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінің, Шымкент қаласы ІІБ, Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау  аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып «Шымкент қаласында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың, қаңғыбастықтың, панасыздықтың, бала еңбегін қанаудың, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қатынастың, өз-өзіне қол жұмсаудың, діни экстремизмге, терроризмге, адам саудасына, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы  2015-2017 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары» қала әкімінің орынбасары тарапынан бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Инклюзивті оқыту бойынша. Шымкент қалалық психологиялық, дәрігерлік-педагогикалық комиссияның есебінде мүмкіндігі шектеулі 7 жаспен 18 жас аралығындағы – 4662  бала есепке тіркелген, соның ішінде 1898-і, яғни 40,7%  инклюзивті оқытумен қамтылған. Міндеттеме бойынша 25%.

62 білім мекемелерінен кіріктірілген (интегрирлі) сыныптар ашылып        591 оқушы білім алып коррекциялық қолдау көрсетілуде. 1307 оқушы логопедтік топтарда білім алуда.

2015 жылы бөлімге қарасты барлық жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау мақсатында пандустар  толық орнатылды.

Балабақшадағы инклюзивті оқыту.  Шымкент қаласы бойынша 0-7 жастағы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі бала саны – 3003. Шымкент қаласы білім бөлімінің 2014 жылғы 12 қарашадағы «Қосымша штат бірлігін ендіру туралы» №905 бұйрығына сәйкес 13 балабақшада 19,5 логопед штат бірлігі беріліп,   437 (14,5%) бала қамтылды.

Қазақстан Республикасының  2002 жылғы 11 шілдедегі  «Кемтар балаларды  әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес білім бөлімі және Шымкент қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесімен мектепке дейінгі мекемелердегі мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеу жүргізілді. Аталған зерттеулердің нәтижесі бойынша   2015-2016 оқу жылы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі 449 баланы қамту бойынша 14 мектепке дейінгі мекемелерде (№5,20,29,36,40,48,55,65,69,71, 93,95,99,118) қосымша 14 штат бірлігін бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ыстық тамақ. 2015 жылы 124 мектептің 96-да асхана, 23 буфет бар.          5 мектепте асхана да, буфет те жоқ. Шымкент қаласы бойынша жалпы тұрмысы төмен отбасылардан 97229 бала ыстық тамақпен қамтылған.

2015 жылы жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 324 млн. 891 мың теңгеге  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 8184 оқушы және туберкулез дертіне шалдыққан  2387 бала  ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Балалардың әлеуметтік жағдайы. 2015 жылы көп балалы отбасынан шыққан бала саны – 17718, аз қамтылған отбасынан – 5135, мүмкіндігі шектеулі бала – 786, жартылай жетім бала — 4990, оралман отбасынан – 47.  Жалпы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны  – 788, барлығы 29464 бала.

2015 жылы 752 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындалса,  36 бала отбасыға патронаттық тәрбиеге берілген.


84 мемлекеттік балабақшада – 23810 бала, 208 жекеменшік балабақшаларда – 21511 бала және 35 жалпы орта мектептер жанындағы шағын орталықтарда –              2228 бала қамтылған.
Мектепке дейінгі білім беру. 2015 жылдың қорытындысы бойынша  Шымкент қаласындағы мектепке  дейінгі мекемелер саны  327 (мемлекеттік балабақшалар — 84, жекеменшік  балабақшалар — 208, мектеп жанында шағын орталықтар — 35).  2014 жылмен салыстырғанда  32-ге артып отыр. Оның ішінде    4 мемлекеттік балабақша (Жангелдин-320, Қазығұрт-330, Самал-3-320, Тұлпар-320), 38 жекеменшік балабақша ашылды және ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес 10 мектеп жанындағы шағын орталықтар жабылды.

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 47584 бала қамтылған. Ал, «Балапан» бағдарламасы бойынша  45699 бала қамтылып, ол 80 %-ды   құрап отыр.

 

2014 жыл 2015 жыл Өсім
Мектепке дейінгі мекемелер мекемесаны бала саны мекемесаны бала саны мекемесаны бала саны
Мемлекеттік 80 24377 84 23810 +4 -567
Жекеменшік 170 19294 208 21511 +38 +2217
Мектептер жанындағы шағын орталықтар 45 2706 35 2228 -10 -478
Барлығы: 295 46377 327 47584 +1207 +32
Қамту пайызы(«Балапан» бағдарламасы бойынша) 4502077,1% 4569980% +679+2,9%

 

 

Шымкент қаласының білім бөліміндегі 2015 жылы енгізілген жаңа жүйелер.

 

Шымкент қаласындағы мектеп директорларын тағайындаудағы ашықтық.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Білім туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі №849 қаулысымен бекітілген «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу ережесіне», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы  21 ақпандағы  №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидасына» сәйкес білім мекемелері басшыларын тағайындау осыған дейін білім бөлімінің басшысының төрағалығымен өткізілген болса, ашықтықты, айқындылықты көрсету мақсатында білім бөлімі басшысының ағымдағы жылғы    16 қазандағы  №694 бұйрығымен қала әкімінің төрағалығымен ашық түрде өткізілуде.

Атап айтсақ,  2015 жылдың  28 қазан күні №95 және №71 жалпы орта мектеп директорларын тағайындау конкурсы ашық түрде өткізілді.  Конкурс қорытындысына сәйкес №95 жалпы орта мептеп директоры лауазымына Камбарова Айман Аманкуловна тағайындалса, №71 жалпы орта мектепке қайта конкурс жарияланды.

12

Мектептердегі электронды бақылау.

Білім бөлімі мен білім саласындағы жаңалық –  электронды басқару аппараттық-бағдарламалық кешені енгізілуде.

Бұл қызметтің негізгі бағыты: мектептегі ақпараттарды автоматтандыру, оқушылардың үлгерімі туралы мәліметтерді бірыңғай орталықтандыру, ол мәліметтермен  ата-аналарды шұғыл түрде ақпаратпен қамсыздандыру, оқу процесстерінің көрсеткіштерін автоматтандырылған түрде есептеу және оқу мекемесінің нақты мәртебесін құру. Сондай-ақ, бұл жүйе ата-аналарға мектепте баланың оқу үлгерімін, жүктемелерін бақылауға және ата-аналар мен сынып жетекшісі арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

34

 Білім беру мекемелеріндегі «Қамқоршылық кеңесі».

Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты барлық білім мекемелері жанынан Қамқорлық кеңесі  құрылды.  Кеңес құрамына  сол мектептің түлектері болып табылатын беделді азаматтар, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері енгізілді. Аталған қеңестер төмендегі қызметтерді атқарады:

— білім мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайту көмек көрсетеді;

— аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан балаларға әлеуметтік қолдау көрсетеді;

—  тәрбиесі  қиын оқушылармен жұмыс жүргізеді;

— бала тәрбиесіне немқұрайлық танытып, көңіл бөлмейтін ата-аналармен  жұмыс жүргізеді;

—  демеушілерден түскен қосымша қаржылардың жүйелі игерілуіне    басшылық жасайды.

Жаңа білім беру жүйесі.

Жаңа  білім беру  (Кембридж) бағытының  мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін   дамыту,  олардың бұрынғы алған  білімдері мен  жаңа немесе түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдерімен  үштастыра жүзеге асыру, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерін меңгере  отырып, терең түсінік қалыптастыру және бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыру болып табылады. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білу.

Оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер соның ішінде орта білім беру

жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістемесі  «Сындарлы оқыту теориясының» оқу сапасына әсерімен танысу үшін қаладағы 37 мектеп  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерімен тәжірибе алмасу және педагогикалық қауымдастық құру мақсатында меморандумға тұрды.

Ондағы мақсат:

Бағалау түрлерінің ерекшелігін, оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған критериалды бағалаудың (формативті, яғни қалыптастырушы) тиімділігін  білу, салыстыру.

Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, олардың логикалық және сараптамалық ойлау жүйесін дамыту жолдарын, ақпаратты шұғыл өңдей алуға, креативті ойлай алуға,ерекше идеяларды таба алуын дамыту тәсілдерін білу. Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі «Робототехника», «Нанотехнология» кабинеттерінде қала мектептерінің оқушыларына тәжірибе жүзінде көруге мүмкіндіктер беріледі.

 

2016 жылы білім бөлімінде атқарылатын жұмыстардың

жоспары

 

  • Үш ауысымда білім беретін Тассай т.а. №91 мектепке300 орындық, Сайрам т.а. №111 мектепке300 орындық мектептердің құрылысын 2016 жылы пайдалануға тапсыру;
  • Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Қаратөбе т.а. 600 орындық, Ынтымақ т.а. 900 орындық, Сәуле ш.а. 1200 орындық жаңа мектептерді және Оспанов көшесіндегі 140 орындық балабақшаны пайдалануға тапсыру;
  • Құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Хамза ат. №53 мектептің 600 орындық, №97 мектептің 300 орындық, Ю.Гагарин ат. №34 мектептің 150 орындық қосымша құрылыстарын пайдалануға тапсыру;
  • «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3-6 жастағы балалардың 80,2 ℅-н  мектепке дейінгі білім берумен қамту;
  • Қазақстан Республикасының 2002 жылғы  11 шілдедегі  «Кемтар балаларды  әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңына сәйкес 2016 оқу жылы мектепке дейінгі мүмкіндігі шектеулі 449 баланы қамту мақсатында 14 мектепке дейінгі мекемелерде (№5,20,29,36,40,48,55,65,69,71, 93,95,99,118) қосымша 14 логопед штат бірліктерін бөлу жоспарлануда;
  • 2016 жылы қаладағы жалпы орта мектептердің 7,8-сынып оқушыларын оқулықтармен, ал 9-сынып оқушыларын «Дінтану» пәні оқулықтарымен 100℅ қамтамасыз ету;

 

 

 

Публикация: 25.01.2016 г.