Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкент қаласының білім бөліміне қарасты Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының жанынан «Фиона» жазғы ойын-сауықтыру лагерінің ашылыу

Новый рисунок (3)

 

Көптен күткен жазғы демалыс — балалардың еркін демалып, денсаулықтарын нығайтуға, рухани баю, өз күштерін байқап көру, қоршаған ортаны игеру және түсіну уақыты болып табылады. Жастардың уақытын тиімді ұйымдастыру орталығының оқушылары үшін жазғы демалысы «Фиона» жазғы ойын-сауықтыру лагерінде білікті ұстаздардың қырағы қадағалауымен 1-30 маусым аралығында 2 ауысымда өтіп келеді.

«Фиона» жазғы ойын-сауықтыру лагерінің жұмысы бірінші ауысымы «Балаларды қорғау күні» мейрамына қарсы ашылып, орталықтағы 40-қа  жуық үйірмеге қатысушылар арасынан, қаланың 20-ға жуық мектебінен 80-нен астам бала қамтылып, «Аладдин», «Голливуд», «Алдар көсе», «Мадагаскар» атты 4 топқа бөлініп, талай қызықты сәттерді бастарынан өткізді.

Ата-аналар мен балалардың өтініштері бойынша, лагерь жұмысы барысында арнайы бағдарлама құрылып, «Танысу күні», «Толағай» спорт сайыстары», «Зообаққа саяхат», «Өнер байқауы», «Фиркан әлеміне саяхат», «Әдебиет күні», Дендросаябаққа саяхат», «Нептун күні», «Ағылшын авторбусымен Шымқалаға саяхат», «Бизнес күні», «Қоштасу күні» сынды станцияларға бөлініп, көптеген семинар-тренингтер, сайыстар, байқаулар, саяхаттар, ойындар, би кештеріне ұласты.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

Бағдарлама бойынша, Өнер байқауында «Отырар» телеарнасы арнайы түсірілім жасап, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы университетінің ұстаздары  әділ қазылық жасап, оқушылардың деңгейін өте жоғары бағалап,  университет басшылығы  тарапынан бағалы сыйлықтарын тарту етті.

Балалар 15 күн ішінде көтеріңкі көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде 1-ші ауысымды аяқтап, лагерь басшылығы тарапынан көптеген марапаттау қағаздары мен сыйлықтарға ие болып, тәрбиешілеріне өз алғыстарын аямады. Жазғы лагерь — оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың жарқын үлгісі ретінде ата-аналар мен балалардың есінде қалып,  ұмытылмастай етіп әсер қалдырды деуге толық негіз бар.

Новый рисунок (4)Новый рисунок (5)

 

 

Публикация: 22.06.2016 г.