Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Ең үздік рәміздік топ» қалалық байқауы

Новый рисунок

Оқушылар сарайының «Рәміздік топтар» мектебі (жет.Ибадуллаева С.М.) 2015 жылы 29 қазанында    «Жас Ұлан» ұйымының рәміздік топтары арасында «Ең үздік рәміздік топ» қалалық байқауын өткізді.  Байқауға №7,9,11,14,17,19,35,47,84,99 жалпы орта мектептерінен 22 ту ұстаушы, 44 ассистент, 10 тәлімгер қатысты. Байқауға аптасына 3 рет бір жарым ай бойы   дайындық жұмысы жүргізілді. Ереже бойынша ту ұстаушылардың: түзу тұр, еркін тұр, фланг және фронтпен Туды алып шығу бұйрығы және ҚР Әнұраны орындалған кездегі рәсім мен дабылдың соғуымен Туды алып шығуы, команданың анық берілуі, команданы нақты орындалуы, Ту ұстаушылардың жүруіне барабан үнін қосу, сыртқы көрінісі – киімі және т.б. ескерілді.

Байқау қорытындысы бойынша I орын- №99 жом; IІ орын -№9 мектеп-лицей және №47 мектеп-гимназия; ІІІ орынды — №7 мектеп-лицей мен 17 жом иеленді.

 Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

 

Публикация: 03.11.2015 г.