Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қалалық «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасшысын сайлау 

Новый рисунок

Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ұйымының қалалық Ұланбасшысын сайлау жиыны өтті. Жиынға қала мектептерінен 89 мектептің ұланбасшысы мен орынбасары қатысты. Сайлауға жалпы саны 10 үміткер қатысты.

  1. Избасар Жібекайым №77 мектеп
  2. Дүйсебекова Мария №7 мектеп
  3. Алтынбекова Аружан №60 мектеп
  4. Анарбекқызы Айгерім №41 мектеп
  5. Тұрсын Тоғжан №78 мектеп
  6. Айту Асылжан №66 мектеп
  7. Үскенова Дина №37 мектеп
  8. Байырбек Абдулазиз №47 мектеп
  9. Штабаева Назерке №93 мектеп
  10. Жұмабек Ғасыр №52 мектеп

Жиынға Облыстық «Жас Ұлан» ұйымының төрағасы А.Е.Амиртаев, Қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі А.Қ.Текебаева қатысты.

Сайлау барысына әр үміткер өзі дайындаған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, мектептегі «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын слайдпен көрсетті. Соңынан қатысушы ұланбасшылар қалалық ұланбасшыға лайық деп тапқан үміткерге дауыс берді. Сайлау жиынының нәтижесі бойынша ең көп дауысты Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп- гимназиясының Ұланбасшысы Байырбек Абдулазиз жинап, қалалық Ұланбасшы болып сайланды.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

 

 

Публикация: 03.11.2015 г.