Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында өткен дөңгелек үстел 

Новый рисунок

Қала мектептерінің Абай, Әл- Фараби, Еңбекші, Қаратау аудандары бойынша Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының жұмысын жандандыру мақсатында Республикалық «Жас Ұлан» ұйымының облыстық төрағасы мен қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі қатысуымен 20.10.15ж.- № 47 мектеп-гимназиясының базасында Әл-Фараби ауданына қарасты мектептер, 51 жом базасында Абай ауданына қарасты мектептер; 22.10.15ж.- №24 мектеп базасында Еңбекші ауданына қарасты мектептер, №72 мектеп базасында Қаратау ауданына қарасты мектептерге дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиынға Республикалық  «Жас Ұлан» ұйымының облыстық төрағасы А.Е.Амиртаев, Қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі текебаева А.Қ., Қалалық тәлімгерлер мектебінің жетекшісі Г.Б.Төлеметова  қатысты. Әл Фараби ауданы бойынша -19 мектеп, Абай ауданы бойынша — 22 мектеп, Еңбекші ауданынан — 29 мектеп, Қаратау ауданына қарасты — 28 мектеп қатысты.

Жиын барысында тәлімгер мен Ұланбасшыларға ұйым жұмысын жандандыру үшін  7 бағыт бойынша жұмысты жүргізу қажеттігі, іс-шаралар өткізу тәртібі талқыланды. «Жас Ұлан» ұйымының облыстық төрағасы Азат Ермекбайұлы республикалық деңгейде өткізіліп жатқан байқаулармен, алдағы уақытта ұйымдастырылатын іс- шаралар барысымен таныстырды. Мектеп тәлімгерлері ұйымның атрибуттары жайлы мәселені шешуге қолғабыс етуін сұранды.Қатысушылар өздерінің қойған сұрақтарына толық жауап ала алды.  Әрбір мектеп нақты жобамен жұмыс істеуі қажеттігі айтылды. Облыстық, қалалық, мектепішілік шараларға тәлімгерлер, Ұланбасшылар шақырылып, тәжірибе алмасатын болып тарқасты.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

 

Новый рисунок (3)

Публикация: 03.11.2015 г.