Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Балалар қылмысқа қарсы» қалалық акция

Новый рисунок

 

Шымкент қаласы білім бөліміне қарасты мекемелердің күзгі демалыс кезеңіндегі арнайы жоспар бойынша қала мектептерінің 7-10 сынып оқушыларының қатысуымен 2015 жылғы 6 қарашада Оқушылар сарайы базасында «Балалар қылмысқа қарсы» қалалық акциясы өтті.

Фойеде жас суретшілер шығармашылығы бойынша тақырыптық плакаттар көрмесі акцияға қатысушылар назарына ұсынылды.  Акты залда «Жасөспірімдер арасындағы  қылмыс» тақырыбында арнайы дайындалған бейнематериалды көрсетілді. Акцияға қатысушылар бейнематериал жаййлы өз пікірлерін ортаға салды. Көрермен залына қойылған еркін микрофон арқылы сөйлеген №65,64,50,7,41,17 жалпы орта мектептері белсенді жасөспірімдерінің пікірінше қылмысқа барудың негізгі себептері: бос уақыттың көп болуы, отбасындағы тәрбиенің осалдығы, мектептегі көшбасшылыққа  талас, қарудың қол жетімділігі, т.б. себептері аталды. Осы бейнематериал бойынша тақырыпты  №41 мектеп-лицейінің психологы Тулебаева Ж. қорытындылап, жасөспірімдер арасындағы зиянды әдеттерге бейжай қарамай, мектеп пен ата-анаға құрбы-құрдастарын тәрбиелеуге өз үлестерін қосуға шақырды.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (3)

Акция барысында қарастырылған тағы бір тақырып — «Өз-өзіне қол жұмсау — тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Бейнематериалда көрсетілген мәселелер жайлы №77,20,6,47 мектеп-гимназия оқушылары және қалалық «Жас Ұлан» штабы, Мектеп жастары ассоциациясы көшбасшылары өз пікірлерін білдірді.  №77 мектеп-лицейінің психологы Г.Жүрімбай тақырып жайлы қорытынды сөз, маман пікірін білдірді. Жасөспірімдер арасындағы суицидтің себебі жанұядағы түсініспеушілік, қысым, ойлау қабілетінің таяздығы, достарының бейғамдығы, т.б. Барша жастарды айналада болып жатқан жағдайға немқұрайлы қарамауға шақырды. Акцияға қатысушылар «Балалар қылмысына қарсымыз!», «Қылмысқа жол жоқ!», «Біз қылмыссыз жарқын болашақ үшін!», «Әр адамға өз өмірі қымбат!» деп ұрандады. Акция Оқушылар сарайының ауласында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймы!з»  жас спортшылардың  көрсетілімімен жалғасты. «Соғыссыз әлем» әнін «Алтын ғасыр» вокалды тобы орындады.

Акцияға қатысушы барша қатысушылар флешмоп  билеп, өз достарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Новый рисунок (4)Новый рисунок (5)

Қалалық білім бөлімінің бас маманы Асанов И.Е. өткізілген іс-шараны қорытындылады. Бұл акция 25.10-25.11.2015 ж. аралығында барлық білім беру мекемелерінде өткізіліп жатқан  айлық шеңберіндегі іс-шара. Осындай қалалық акция 13 қараша күні де өтетінін атап өтіп, жасөспірімдерге  белсенділік танытуға шақырды.

Сонымен қатар акцияға қатысушылар «Спартак» стадионында ұйымдастырылған әскери-қолданбалы көпсайысты тамашалады. Бұл жарысқа қаланың №18,26,27,40,51,55,56, 64,102 мектептері мен «Томирис» және «Сұңқар» әскери-патриоттық клубының топтары қатысты. Жарыс барысында қала мектептерінің әскери топтары (3 адамнан құрылған) әскериленген кросс, пневматикалық қарудан ату және граната лақтырудан жарысқа түсті.  Жарыс барысында әскериленген кроссқа — ұл балалар үшін – 1500 м, қыздар үшін – 1000м қашықтыққа барлық қатысушылар қатысты.  Ату алаңында топтың әрбір қатысушысы нысанаға атып,  жалпы ұпай жинады. Әр топтан  қатысушы  2 ұл бала граната лақтырып, белгіленген орынға түсіруге тырысты.

Новый рисунок (6)Новый рисунок (2)

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі І орын  — №64 мектеп-гимназия, ІІ орын  — «Томирис» және «Сұңқар» әскери-патриоттық клубтары, ІІІ орын — №18,51,55,56 жом және №40 мектеп-гимназиясы иеленді. №64 мектеп-гимназиясының оқушысы Әмір Б.,  «Сұңқар» әскери-патриоттық клубынан — Ашимбекова А., Динтаев Б., №53 жом —  Қалматов Ф. жеке Біріншілікте көп ұпай жинап, Қалалық білім бөлімінің мадақтамасымен  марапатталды.

 

Публикация: 06.11.2015 г.