Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық жауаптылығын алдын алу» тақырыбында мәжіліс өтті

2017 жылғы 28 қыркүйекте Шымкент қаласының білім бөлімі ғимаратының мәжіліс залында Оңтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Д.Қоңырбаев пен білім бөлімінің қызметкерлері, жалпы білім беру ұйымдарының бірінші басшыларының қатысуымен «Кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстық жауаптылығын алдын алу» тақырыбында мәжіліс өткізілді.
Мәжілісте кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылық жағдайларының алдын алудағы білім беру ұйымдарының ролі туралы айта келе, бірнеше рет қылмыс жасаған оқушы оқитын мектеп басшысының қызметтік мәселесін қарау, кәмелетке толмағандар  ісі бойынша сот  процестерін қылмыс  орын  алған  мектептердің  базасында  өткізу, «тәртібі  қиын» балаларды осы сот процестеріне  қатыстыру туралы ұсыныстар  берілді

 

Публикация: 29.09.2017 г.