Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Үлкенге – құрмет, кішіге — міндет» республикалық акциясы аясындағы РҚБ «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны

2

2016  жылдың 29 сәуірде  Шымкент  қаласаныдағы  Орталық   саябақта    1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеу ел Тәулсіздігінің 25 жылдығын меркелеу аясында ерекше мәнге ие болып отыр. Осыған орай Шымкент қаласы білім бөлімінің бастамасымен 2016 жылдың 21 сәуірі мен 10 мамыр аралығына арнайы жоспар түзіліп, білім беру мекемелерінде түрлі көпшілік шаралар ұйымдастырылуда. Мысалы, «Мәңгілік жеңіс» акциясы шеңберінде қала мектептерінде Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерімен кездесулер; тақырыптық сынып сағаттары; «Ұлы Жеңіске — 71 жыл» сурет байқауы; мектепішілік, қала аудандары бойынша мектепаралық және қалалық «Сұңқар» патриоттық саптық ән байқауы; «Өткенге салауат — болашаққа аманат» акциясы барысында «Ардагерді құрметтейік» айдарымен ардагерлердің үйінің ауласын және мемориалдық кешендерді тазалау жұмысы; «Үлкенге құрмет — кішіге міндет» акциясы шеңберінде тақырыптық спектакльдер және әдеби-музыкалық көріністер; мектеп мұражайларының байқауы, тағы басқа іс-шаралар өткізілді.

45

 

67

 

2016 жылы 29 сәуірде  Ұлы Жеңістің 71 жылдығына арналған «Үлкенге – құрмет, кішіге — міндет» республикалық акциясы аясында РҚБ  «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиыны Орталық саябақта ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында үлгілі тәртібі және үздік оқуымен ерекшеленген қала мектептерінің 600 оқушысы республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.

910

 

1112

 

Қалалық жиын дабылшылар өнерімен басталып, дабыл маршымен республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Жиында Оқушылар сарайының үгіттобы «Үлкенге – құрмет, кішіге — міндет» тақырыбында ардагерлерді құттықтап, жаңадан қабылданған жасұландықтарға тілек айтты.

1314

 

1716

 

Ұйымға қабылданатын барлық балалар «Қазақстан — Нұрсұлтан — Жас Ұлан» сөзін ұрандап, соңынан құрметті қонақтар, еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, ата-аналар дабыл маршымен галстук тағу рәсімін жүргізді. «Жас Ұлан» ұйымының анты беріліп, ұйымның әні хормен орындалды. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов республикалық «Жас ұлан» ұйымына жаңадан қабылданған балаларды құттықтап сөз сөйледі.  Құттықтаудан соң «Алға, «Жас ұлан» әні орындалды. Қала мектептері балалар мен жасөспірімдер  қоғамдық ұйымы атынан Үндеу оқылып, республикалық акцияны қолдау ұсынылды. Жиын барша жасұландықтардың қатысуымен «Мәңгілік ел ұландары» флешмобымен қорытындыланды.

1820

 

Публикация: 29.04.2016 г.