Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «1 маусым – Балаларды қорғау күні» мерекесіне арналған «Бақытты жас ұрпақ» атты мерекесі

3

Балаларды қорғау – бұл әрбір сәбидің тыныштығын қорғау, тәтті ұйқысын бұзбау, алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Бұл мереке барлық ересектерге желкілдеп өсіп келе жатқан балалардың тағдыры мен болашағына деген жауапкершілікті еске салуға арналған.

5124

 

Бала – біздің болашағымыз. Бұл бағытта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен елімізде қыруар жұмыстар жасалып жатыр. Мемлекет басшысы барлық билік органдары назарын жас буынды тәрбиелеуге, олардың барлық өзекті мәселелерін шешуге, әлеуметтік базаны нығайтып, дамытуға, барлық салаларда жас дарындарды қолдауға, ата-ананың аялы алақаны мен жүрек жылуынан айырылған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға ерекше көмек көрсетуге аударып келеді.

67

 

Шымкент қаласы әкімдігінің бастамасымен Балаларды қорғау күніне орай 2016 жылы 1 маусымда Орталық саябақта «Бақытты жас ұрпақ» мерекелік бағдарламасы өткізілді.

Мереке бағдарламасына сәйкес саябақ мазмұнына қарай кішігірім қалашықтарға бөлінді.

1 қалашық —  «Мәңгілік Ел ұландары» -флэш-моб

2 қалашық —  «Таланттар елі»  — өнер алаңы

3 қалашық —  «Салауатты жастар» қалашығы – спорттық жарыстар мен эстафеталар

4 қалашық —  «Өнерпаздар» қалашығы – қылқалам шеберлері.

89

Мектеп оқушылары  (300 бала) «Бақытты жас ұрпақ» флэшмобымен мереке қонақтарын саябаққа кіреберісте сазды әуенге қойылған заманауи бимен қарсы алды. Спорттық секцияға қатысқан мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен «Салауатты жастар қалашығы» көрермендерді спорттық  жарыстар мен көңілді эстафеталарға қатысуға шақырып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратты.

1112

 

1315

Қалалық көркемсурет мектебі және Оқушылар сарайының жас суретшілері  «Балалық шақтың мекені қалашығында» жас суретшілер жұмысының көрмесін және асфальтта сурет салу үлгісін көрсетті.

«Таланттар елінде» мерекеге қатысушыларды ертегілер елінің қонақтары – қуыршақтар құттықтап, Оқушылар сарайы өнерпаздарының ән-биі, үгіттобы өнерімен жалғасты.

Жиынға қатысқан құрметті қонақтар: қала әкімшілігі және қалалық маслихат, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің басшылығы, т.б. құттықтау сөз сөйледі.

1014

 

Мерекелік бағдарлама балабақшалар арасында өткен қалалық «Айгөлек» фестивалі жеңімпаздарының өнерімен жалғасты. Мұнда кішкентай бүлдіршіндер «Туған жер» жайлы хормен ән айтып, «Отырар сазы» оркестрінде ойнап, «Балдырған» әнін шырқап, «Көңілді ноталар», «Ұлы Жібек жолы», «Ақ сиса» ән-биі, т.б. ән-биді нақышына келтіре орындады.

85017

Публикация: 01.06.2016 г.