Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Оқушылар сарайындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының ашылу және «Ақсу» лагерінде жазғы кезеңнің салтанатты ашылу жиыны

Новый рисунок (1)

Шымкент қаласы білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» базасында орналасқан «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңының                           І-ауысымы 10-17.06.16ж.  аралығында жұмыс істеді. Биылғы жылы алаңда  әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан 108 бала демалып, сауықтырылды.

11.06.16ж. «Балдәурен» сауықтыру алаңының ашылу салтанаты өтті. Балалар сап түзеп тұрып, өз топтарының атауын, ұрандарын жатқа айтты. Балалар әсем киініп, ерекше көтеріңкі көңіл-күймен қатысты. Әр топ берілген тапсырма бойынша топтық флешмоб биледі. Мерекеге қатысқан құрметті қонақтар, ата-аналар құттықтау сөз сөйледі. Оқушылар сарайының «Балдәурен» вокалды тобы «Әдемі-ай»  әнін   және «Семицветик» вокалды тобы «Қанекей, қыздар» әнін орындады. «Еркетай» би ансамблі «Үнді биін» биледі.

Новый рисунок (2)

Қуыршақтар «Помогатор» сергітпе ойынын демалушылармен ойнады. Әр топ шеңбер құрып, қуыршақтармен «балалық шақ» биін биледі.

Балалар  «Жаяу», «Чек-чек», «Қане, көрсет саусақтар», «Жаным қазақ», «Недетское время», т.б. әндеріне би биледі. Сергітпе тақпақтар айтылды. «Арива», «Густава Лима» көпшілік биі биленді. Іс-шара барша балалардың орындауындағы алаңның «Балдәурен» әнімен қорытындыланды.

Новый рисунок (3)Новый рисунок

 

Сонымен қатар білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» МКҚК қарасты «Ақсу» сауықтыру лагері (Сайрам ауданы, Көлкент елдімекені) өз жұмысын 2009 жылдан бері жазғы кезеңде жүргізіп келеді. Жыл сайын лагерьге 1000-нан астам әлеуметтік аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары, жетім және жартылай жетім балалар жергілікті бюджеттен қаржыландырылған жолдамамен демалып, сауықтырылады. Лагерьде арнайы бекітілген күн тәртібіне сәйкес балалардың сауықтырылуы мен тынығуы, жан-жақты  дамуына барлық жағдай жасалған.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

«Жаз- 2016» маусымында «Ақсу» сауықтыру лагері 10 маусым-8 тамыз аралығында 6 ауысымда жұмыс жүргізеді. Әр ауысым белгіленген тақырыпқа сай жоспарланып, спорттық, көркемдік, патриоттық, экологиялық-туристік, т.б. бағытта жұмыс жүргізеді. Әр ауысым –10 күн.

2016 жылы 14 маусымда сағ.19.00-де  «Ақсу» сауықтыру лагерінің жазғы маусымды ашу салтанатты жиыны ұйымдастырылды. Лагерьдің демалушы балалары — ересек топтармен «Туған жер» флешмобы, кіші топтармен «Достар» флешмобы, арнайы дайындалған «Сәлем, Ақсу» көпшілік-сазды композициясы, қуыршақтардың құттықтауы, «Ұлы дала» әніне және «Ақсудағы лагерь» арнайы көпшілік-сазды композициясы дайындалды. Барлық демалушы балалардың орындауындағы «Достық» флешмобы мен «Ақсу» Гимні лагерьдің салтанатты ашылу жиынының финалы ретінде қойылды. Іс-шара соңында лагерьдегі демалушы балалардың концерттік бағдарламасы тыңдалды.

Новый рисунокНовый рисунок (3)

Публикация: 17.06.2016 г.