Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қала күні мерекесіне орай Тәуелсіздік саябағында өтетін «Шымкент – достық мекені» атты мерекелік іс-шара өтті

1

Шымкент қаласы білім бөлімінің бастамасымен 2015 жылы 13 қазанда Қала күніне орай білім беру мекемелерінің мерекелік бағдарламасы Тәуелсіздік саябағында ұйымдастырылды.

Мерекелік бағдарлама саябаққа кіреберіс алаңда үлгілі тәртібі және үздік оқуымен ерекшеленген қала мектептерінің 500 оқушысын республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау салтанатты жиынымен ашылды.

23

Қалалық жиын дабылшылар өнерімен басталып, дабыл маршымен республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының Туы әкелініп, Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Жиында Оқушылар сарайының үгіттобы ел ертеңі – жасұландықтарға тілек айтып, Қала күнімен құттықтады.

54

Ұйымға қабылданатын барлық балалар «Қазақстан — Нұрсұлтан — Жас Ұлан» сөзін ұрандап, соңынан құрметті қонақтар, еңбек ардагерлері, мектеп директорлары, ата-аналар дабыл маршымен галстук тағу рәсімін жүргізді. «Жас Ұлан» ұйымының анты беріліп, ұйымның әні хормен орындалды. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов республикалық «Жас ұлан» ұйымына жаңадан қабылданған балаларды құттықтап сөз сөйледі.  Құттықтаудан соң «Алға, «Жас ұлан» әні орындалды.

137

Мерекелік іс-шараның ІІ бөлімінде мереке қонақтары Тәуелсіздік саябағында «Шымқала, туған  күніңмен!» ақтілек тақтасына өз тілектерін жазды. «Шымкент — менің сүйікті қалам» тақырыбында жас суретшілердің (100 бала) аэрография тәсілімен сурет салуы тамашаланды. Сонымен қатар қала мектептері қылқалам шеберлерінің «Тарихы терең  Шымқала» сурет көрмесі ұйымдастырылды. Мерекеде «Күз сыйы» гүлдер композициясы тамашаланды.

89

IMG-20151013-WA000110

Мереке соңы «Шымкент – достық мекені» атты концерттік бағдарламаға ұласты. Мұнда қала мектептерінің өнерпаздары:  джаз оркестрі, «Шашу» және «Жас дәурен» би ансамбльдері, қобызшылар ансамбльі, әншілер квартеті, т.б. шығармашылық топтар мерекелік көңіл-күй сыйлады.

1217

1820

 

 

 

 

Публикация: 13.10.2015 г.