Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Қала мектептері арасында ұйымдастырылған «Күз этикасы» танымдық-сауықтық бағдарламасы

Новый рисунок

 Қалалық білім бөлімінің бастамасымен Оқушылар сарайының акт залында қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Күз этикасы» танымдық-сауықтық бағдарламасы 28 қазанда өтті.

Жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен 30 жұп «Анастасия» әуеніне  ”Вальс” биледі. Қорқыт атындағы №22 жом оқушысы Динара”Құстар қайтып барады” әнін орындады. 4 жұп  вальс биімен сүйемелдеді. №99 жом бишілері Гусарлар биін биледі. №77 мектеп-лицейі «Алау» квинтеті  «Күрең күз» әнін екі дауыста орындады.
«Мұрагер» үйірмесінің дайындаған әдеби монтажын көрермен зор ықыласпен қабылдады. №54 жом Рахметбек Дана «Илигай» әнін қобызда зор шеберлікпен орындады. Қоңыр күз әуенінің ырғағына шыққан «Алтын күз» осы жыл мезгілінің әдемілігін айтты. Залдағы көрермендермен жыл мезгілдері, жеміс-жидектерге қатысты жұмбақтар жасырып, ойын ойнады. Жұмбақ шешімін тапқандарға арнайы тарту табыстады. Оқушылар сарайының вокальді аспаптар ансамблі «Сарғайған жапырақ»,  «Күз бұл…» атты әндерін орындады. №86 «Шашу» би тобы  «Сыр сұлу» биін мың бұрала биледі. Ақпараттық-инновациялық бөлімнің жас педагогы «Күзгі бақ» әнін орындады. Жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Вальс» биі қайта биленді. Бағдарлама соңы флешмоппен аяқталды. Барлық қатысушылар зор әсер алды. Белсене қатысқан оқушылар арнайы марапатталды.
Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

Новый рисунок (3)

 

Публикация: 03.11.2015 г.