Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

ШЫМКЕНТТЕ ҰБТ ТАПСЫРУДЫҢ НАУҚАНЫ АЯҚТАЛДЫ!!!

Фото Шымкента Қалалық Білім Бөлімі.

Маусымның 20-26-күндері аралығында өрбіген мемлекеттік сынақтың қорытындысы мынадай: қала бойынша орта балл көрсеткіші – 85,2-ге тең. 1899 (37,6 %) оқушы 100 баллдан жоғары жинады. Ал ең жоғары 137 баллды 5 бірдей түлек еншілеп отыр. Олар: Анеля Құралбай мен Ақнұр Базаралы ( №9 лицей), Батырбай Заңғар (№26 мектеп-гимназиясы), Әлібек Руслан (№40 мектеп-гимназиясы), Отабек Ирисматов (№110 жалпы орта мектеп).

Шымкент қалалық білім бөлімі басшылығының мәліметінше, түлектерді аудиторияға кіргізу кезінде заң талаптарының бұзылуы орын алған жоқ. Барлық түлектер арнайы рамалы металл-іздегіш арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды. Сондай-ақ, ҰБТ ережесін бұзып, аудиториядан шығарылғандар тіркелмеген.

Айта өтейік, биыл Шымкент қаласында 11-сыныпты 7 431 оқушы тәмамдады. Оның ішінде – 4 941 қазақ, 1 326 орыс, 1 164 өзбек сыныптарының бітірушілері. Ал аталған тестілеуге қатысуға 5059 (70%) оқушы өтініш білдірген. Бірақ 7 оқушы өз өтініштері негізінде тестілеуден бас тартты.

Публикация: 27.06.2017 г.