Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды

Шымкентте халыққа әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсетудің бірегей орталығы ашылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектерге және жалғызілікті зейнеткерлерге көмек көрсетіледі. Айта кету керек, Шымкент әкімдігіне қарасты «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» 2011 жылдың ақпанында құрылған болатын.

2016 жылы мекеме Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің қалалық аумақтық орталығы» болып қайта құрылды. Осыдан кейін орталықта халыққа бұрынғыдан да кең ауқымда қызмет көрсету мүмкіндігі пайда болды. Яғни, үйге барып әлеуметтік қызмет көрсетуден күндізгі стационарға дейін қамтылды.

Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, орталық қызметін 700 адам пайдаланады. Олар:
1) Жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы бар балалар — 16 адам;
2) Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек балалар — 148 адам;
3) Жүйке жүйесі-неврологиялық ауруы бар, жасы 18-ден асқан мүгедек жандар — 63 адам;
4) І және ІІ топтағы мүгедектер — 57 адам;
5) Жасы толуына байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын жандар — 416 адам.

Айта кетейік, орталықта педиатр, терапевт, невропатолог, психиатр, травматолог-ортопед, орта дәрежелі медицина персеналы, тәрбиешілер, дефектологтар, әдіскер, логопед және психолог сынды білікті мамандар жұмыс істейді. Олардың барлығы мүмкіндігі шектеулі балаларға (жүйке жүйесі-неврологиялық ауытқуы бар, тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға) медициналық және педагогикалық қызмет көрсетеді. Орталықта Монтессори кабинеті де жасақталған. Ол балалардың ақыл-ой мүмкіндігін ашып, дамытуға арналған. Ал сенсорлы кабинетте психиологиялық жұмыс жүргізіп қана қоймай, балалардың ұсақ моторикасын дамытуға болады.

 

Публикация: 01.06.2017 г.