Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Шымкенттік мектеп ұжымдары отбасыңызды сүюге шақырады!

Отбасы күні қарсаңында Шымкент қаласының Ақпан батыр атындағы № 10 жалпы орта мектебінде «Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мұндағы мақсат – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен баланың арасындағы қатынасты тәрбиелеу, оқушылардың бойына жанұяға деген сүйіспеншілікті арттыру.
Айтулы жиынға Шымкент қалалық білім бөлімінің бас маманы Жанат Бекетқызы Алтаева, мектеп әкімшілігі, оқушылар, ата-аналар қатысты. Шара барысында сөз сөйлеген ҚББ бас маманы Жанат Бекетқызы Алтаева мен аталмыш мектеп директоры Айгүл Есжанқызы Байбосынова жиынға қатысушыларды «Отбасы күні» мерекесімен тағы да құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Іс-шарада «Менің Отбасым» атты бейнетаспа көпшіліктің назарына ұсынылып, «Отбасы деген не?» тақырыбында пікір-талас жүргізілді. Семинар әрі қарай коучингпен жалғасты. Мектептің жоғары сынып оқушылары «Отбасы құндылықтары» тақырыбында постер жасап, қорғады. Мұнда оқушылар өз көзқарастарын ашық айтып, ойларын жеткізуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, оқушылар отбасы тақырыбына арналған өлеңдер оқып, сахналық қойылымдар көрсетіп, өнерпаз балалар өнерімен көрермендерді тәнті етті. Шара мерекелік концертпен аяқталды.

 

Публикация: 11.09.2017 г.