Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Табиғат әлемі балалар көзімен

Новый рисунок

Өнер-әрқашан да өмірдің біртұтас бөлігі  екені баршамызға аян. Елімізде өнердің  мәдениеттің қарыштап дамуына, биіктен көрінуіне аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосып жүрген шығармашыл балалар өте көп. Сол балалардың ішінде Балалар көркемсурет  мектебінің  оқушылары  да  бар.   Облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес  Экологиялық орталықтың ұйымдастыруымен  Шымкент қаласындағы  Көркем-сурет  галереясында 2015 жылғы  20   қараша  күні  «Табиғат әлемі  балалар көзімен» атты  өткен сурет байқауында мектебіміздің  үш оқушысы «Табиғат айнасы» және  «Ұлттық сәндік-қолданбалы өнер туындылары» номинациясы боиынша жеңімпаз атанды. Бірінші орынды ұтып  алған  Қолдас Сара және Олейников Максим,  ал екінші орынға ие болған  Солоницына Снежана.

Қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін  әділ қазылар  алқасы сарапқа салып, лайықты бағасын  берді.  Жеңімпаздарымыз Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді  дамыту басқармасының дипломдары және сыйлықтарымен  марапатталады.

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

 

Публикация: 25.11.2015 г.