Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Тіл-халықтар достығының дәнекері» атты өзбек мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында конкурс

3

 

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6-бабына, Шымкент қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 25 шілдедегі №60 қаулысының           22 тармақшасына, ғылыми-әдістемелік орталығының 2015-2016 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес  2016 жылдың 30 наурыз күні өзбек мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында «Тіл – халықтар достығының дәнекері» атты байқау өтті. Байқауға жалпы білім беру мекемелерінің өзбек мектептерінен   21 оқушы қатысты.

Конкурс мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесін арттыру, оны өзге ұлт өкілдерінің жан-жақты игеруіне ықпал ету және халықтар достығының басты құралы ретінде мемлекеттік тілді дамыту мақсатында өткізілді.

24

 

Үміткерлер 4 бөлім бойынша білімдері мен шеберліктерін ортаға салды. Байқауға қатысушылар байқаудың ереже талаптарын орындай отырып, қазылар алқасының шешімімен төмендегі жүлделі орындарды иеленді:

№109 мектептің оқушысы Сайфиддинова Нулифар Бас жүлдені иеленсе, жүлделі І орынды №111 мектептің оқушысы Шайлавова Мафтуна, жүлделі ІІ орындарды №3 мектептің оқушысы Пахритдинова Азиза, №11 мектептің оқушысы Худайбергенова Гулназ, жүлделі ІІІ орындарды №114 мектептің оқушысы Тажиханова Роксана, №107 мектептің оқушысы Эрметова Дильдора, №42 мектептің оқушысы Тойчиева Мафтуна иеленді, №48 мектептің оқушысы Турсунбаева Феруза «Сөз шебері» номинациясымен марапатталды.

15

Публикация: 31.03.2016 г.