Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Хабарландыру

images77

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.09.2008 жылғы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос орнына орналасуға конкурс өткізу ережесін бекіту туралы» №849 және 18.11.2011 жылғы «Мемлекетік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №1353 қаулыларына сәйкес

Шымкент қаласының білім бөлімі № 63  «Айсұлу»  бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны меңгерушісінің бос лауазымдық қызметіне ашық конкурс жариялайды

 

Лауазымдық жалақысы педагогикалық қызмет стажына байланысты 78397 теңгеден 95032  теңгеге дейін.

 

Лауазымдық міндеттері. Білім беру қызметін жүргізу құқығына берілетін лицензияға, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру қызметін басқарады. Педагогикалық кеңеспен бірге белгіленген тәртіпте оқу жұмыс жоспарларын, негізгі (вариативтік, авторлық), мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, ішкі тәртіп ережелерін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз етеді, оқыту-тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілер мен ұйым қызметкерлерінің өмірінің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауға қажетті жағдайлар жасайды.

Ұйымды басқару құрылымын анықтайды, қаржы, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және басқа да мәселерді шешеді. Тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, оларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді. Педагогикалық қоғамдық ұйымның және  әдістемелік  бірлестіктің қызметіне көмек көрсетеді. Тәрбиеленушілерді тамақтандыруға және оларға медициналық қызмет көрсетуге, денсаулығын сақтау мен нығайтуға қажетті жағдайларды  ұйымдастырады. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының мүліктері мен қаражатына белгіленген заңнамалық тәртіппен иелік етеді, жыл сайын құрылтайшыларын түскен қаржы мен оның шығысы туралы есеп береді.

Оқу-материалдық базаны сақтау мен нығайтуды, есеп жүргізуді, санитарлық-гигиеналық  тәртіптің, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен. ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастырушылармен) өзара байланысты жүзеге асырады.  Педагог кадрларды және көмекші  қызметшілерді іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді. Кадрлардың кәсіби шеберлігін  арттыруға жағдай жасайды.  Белгіленген тәртіп бойынша қызметкерлерді  аттестаттаудан өткізеді.

Педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады. Мемлекеттік, қоғамдық және басқ да ұйымдарда мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымын танытады. МдОТҰ-ның қызметі туралы қажетті  есеп дайындауды  және ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ер-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»,»Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы»,»Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»» Заңдарын және басқа да білім беруді дамытудың  бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік  құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды, дәрігерге дейінгі медициналық көмектің негіздерін.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5  жылдан кем болмауы тиіс.

Конкурсқа қатысатын кандидаттар төмендегі құжаттарды хабарландыру шыққан күннен бастап күнтізбелік 15 күннің ішінде мына мекен-жайға тапсыруы тиіс: Шымкент қаласы, 160002, Жангельдин көшесі, 17 үй, 305 бөлме. Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініші;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білім туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анықтама (№086 нысан).

7) сотталмағаны туралы анықтама;

8) мекен-жай анықтамасы.

Ұсынылған құжаттардың көшірмесі нотариалды куәландырылған болуы тиіс.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен  атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа мынадай тұлға қатыса алмайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар.

Комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі  бекітілгеннен кейін комиссия қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік 10 күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Анықтама алу үшін: тел. 56-86-33

Шымкент қаласының білім бөлімі

 

Публикация: 05.08.2016 г.