Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Хабарландыру

Шымкент қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 1-12 маусым аралығында  «Біз бақытты балалық шақ үшін» республикалық акциясы аясында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізілуде.

Ұлттық ақпараттық науқанының мақсаты — бала еңбегін пайдалану проблемалары, оның масштабы мен сипаттары, балаға және қоғамға тигізетін әсері, сондай-ақ осы саладағы халықаралық және ұлттық заңнама негіздері туралы қоғамның, үлкендер мен балаларды қосқанда ақпараттылығын арттыру болып табылады.

Науқан шеңберінде өмірдің қиын жағдайына ұшыраған балалар мен отбасылардың мұң-мұқтажына психологиялық қолдау көрсету мақсатында білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған «Қызу желі» қызметі жұмыс жасауда.

  «Қызу желі» қызметіне жүгіне отырып, ой-пікірлеріңізді білдіре алатындарыңызды және бала еңбегін пайдалану проблемасы қоғам назарында екендігін назарларыңызға жеткіземіз.

 

 

Публикация: 06.06.2017 г.