Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Жұлдызың жансын, Жас Дарын!

Новый рисунок

Жұлдызың жансын, Жас Дарын! ,- дей отырып, жуырда ғана Алматы қаласында өткен «Ұлтын сүйген ұланбыз» атты республикалық байқауда бас жүлдеге ие болған Айтжан Қарашаш тағы да қанжығасына бас жүлдені байлады. 6-8 қарашада Шымкент қаласында  І Халықаралық «Дарын  2015» байқауы өтті. Байқауға республикамыздың барлық өңірлерінен, сонымен қатар көрші Өзбекстан жерінен өнерпаздар келіп бақ сынасты. «Жұлдызға жол» студиясының директоры Роза Әміреқызының ұйымдастыруымен өткізген бұл байқау оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, сахна мәдениетіне үйренуге, өнерлерін жетілдіруге септігі тиді. Жас әншілер, музыка аспапатарында орындаушылар, көркемсөз шеберлері мен бишілер бақ сынаған байқауды   Ресейден келген белгілі әнші-композитор Дмитрий Дунаев, дирижер, домбырашы, Қ.Р. Мәдениет қайраткері Нұрғалиев Ықылас бастаған қазылар алқасы таразылады.

Эстрадалық вокал номинациясы бойынша суырылып, «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар» атанған Балалар көркемсурет мектебі жанынан ашылған «Шұғыла» аула клубының жас әншісі Қарашаш үздік өнерімен көзге түсті. Міне, осындай биік жетістіктерге қол жеткізген шәкіртімізге елімізді әлемге танытып, өнердің биік шыңына жете бер демекпіз!

Новый рисунок (1)Новый рисунок (2)

Публикация: 09.11.2015 г.