Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Жаңа электронды жобамен 7972 сәби балабақшаға қабылданды

Жаңа электронды жобамен 7972 сәби балабақшаға қабылданды

      Бұл туралы Шымкент қалалық білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева қала әкімдігінде өткен брифингте мәлім етті. Айта кетсек, Шымкентте балабақшаға жалпы жолдама алған сәбилер саны – 9611.

      – Біздің ауқымды жетістіктеріміздің бірі – өтініштерді электронды форматта қабылдау деп санаймын. Бұл жоба ата-аналарға не береді: сайтты ашқан олар перзенттерін бергісі келетін балабақша туралы барлық мәліметті оқи алады, топтардағы бос орындар мен өз кезегінің жылжуын анықтайды, кезегі келгені туралы тегін СМС-хабарлама алады. Ал ең бастысы – адами фактор мен сыбайластық әрекет толық жойылған. Ал бөлім мамандары бұған дейін айналысқан қағаз толтырудан құтылады. Жалпы, Шымкентте сәбиін балабақшаға қабылдау туралы өтінішті электронды түрде 57 756 адам берген. Оларға берілген жолдама саны — 9611, ал балабақшаға 7972 сәби орналасқан. Осы тұста айта кету керек, балабақшаға жолдама алған соң да сәбиін апармайтын ата-аналар бар. Мұндай жағдайда олардың орындары 2 аптаға сақталып, ары қарай архивке жіберіледі. – Бұл олардың кейін балабақшаға келген кезінде алғашқы талап еткен сәтінен бастап, кез келген уақытта балабақшадан орын берілуі үшін жасалған шара, – деді Жанат Тәжиева.

Ақпарат   Шымкент   қаласы  әкімдігінің  баспасөз қызметінен  алынды

Публикация: 31.08.2017 г.