Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

«Жаңа форматтағы бірыңғай ұлттық тестке нәтижелі дайындау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2017 жылы 15 наурызда Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназия базасында қалалық білім бөлімінің жоспары бойынша және ұйымдастыруымен биология пәнінен «Жаңа форматтағы бірыңғай ұлттық тестке нәтижелі дайындау» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел ҚББ ҒӘО биология пәнінің әдіскері Сәуле Ибадуллақызы Базарбаева өткізді. Аталған іс-шараға белсенділік танытып, шығармашылық тұрғыдан жұмыс жасағандар: мектеп басшысы Ж.С.Оспанова, директордың орынбасары А.К.Шалхарова, биология пәнінің бірлестік жетекшісі Г.Туртбаева, пән мұғалімдері Р.Утеева, Н.Абдиева , педагог-психолог А.М.Курикбаеваны айтуға болады.

Іс-шара мақсаты:

Биология пәнінен 11 сынып оқушыларының бітіруші емтиханға дайындығын шыңдау, жаңа форматтағы ұлттық біріңғай тестке нәтижелі дайындау, оқыту мен оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселелерін талқылау.

— Биология пәнінің білімінің қажетті қай деңгейінде тұрғанын анықтау мақсатында мәліметтерді іздену мен түсіндіру арқылы оқушылардың оқуға ықыласы мен қызығушылығын анықтау жұмыстарын айқындау.

— Жаңартылған білім мазмұны аясында мектепаралық тәжірибе, пікір алмасу.

Публикация: 15.03.2017 г.