Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Жалпы білім беру ұйымдарындағы қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру

Шымкент қаласының білім бөлімі 2017 жылғы 29 мамырда облыс әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен өткізілген мәжілістің №5 хаттамалық тапсырмасының 6-бөлігінің орындалуы бойынша білім бөлімі тарапынан облыстық денсаулық сақтау басқармасымен келісе отырып, жалпы білім беру ұйымдарындағы қыздар ұйымдарының жұмысын жандандыру, ерте жүктілікті, репродуктивті денсаулығын қорғауды алдын алу жөнінде бірлескен іс-шара жоспары құрылды. Іс-шарада қыздар арасында орын алатын құқық бұзушылықтар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, суицидтік жағдайлардың алдын алу, сапалы   медициналық қызметке қолжетімділік құқығын іске асыру жолдары және 1 желтоқсан — Бүкіл дүниежүзілік  СПИД-ке қарсы күрес күні» тақырыбында дөңгелек үстел, наркодиспансер мен тубдиспансер қызметкерлерімен кездесу өткізу, мектеп жасындағы қыз балалар арасында ерте жүктілікті болдырмау жолдары жөнінде медициналық және әдістемелік әдебиеттерінің көрмесін ұйымдастыру мәселелері жоспарланып, орындалуы бақылауға алынды.

     Бұқаралық ақпарат құралдарында қыздар тәрбиесіндегі қателіктерді алдын алу және болдырмау тақырыптарында мақалалар, сұхбаттар жариялау, білім беру ұйымдарында отбасылық құндылықтарды және бақытты балалық шақты насихаттайтын позитивті бейнероликтердің көрсетілімін ұйымдастыру, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында түсіндіру жұмыстары жүргізілді, алдағы оқу жылында да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.

 

Публикация: 15.06.2017 г.