Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Жібек жолының жаңажылдық ертегісі

IMG_5802

2015 жылдың 25  желтоқсанда  Оқушылар сарайында «Жібек жолының жаңажылдық ертегісі» атты қала әкімінің қайырымдылық шырша мерекесі  өтті. Жаңа жыл қашанда әр адамның жүрегіне жаңа үміттер мен  аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ең сүйікті мереке. Барша адамзат бұл күні өткенді ой елегінен өткізіп, саралап, Жаңа жылға таза ниетпен, болашаққа деген мол сеніммен, нық қадаммен аттағанды қалайды. Алдағы жылдан тек оң өзгерістер, ұмытылмас сәттер, қызықты кездесулер күтеді.

35

 

Еліміздің жарқын келешегі – бүлдіршін балаларға қуаныш сыйлайтын қала әкімінің қайырымдылық шырша мерекесін ұйымдастыру қаламызда дәстүрге айналған.

2016 жыл – Мешін жылын қарсы алуға дайындық жұмысы да жан-жақты жүргізілді. Мереке өтетін орын әсем безендіріліп, жасыл шыршаның түрлі түсті шамдары жайнады.

79

 

Қала әкімінің қайырымдылық шырша мерекесіне қала мектептерінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан 135 бала қамтылып отыр.

Жаңа жыл мен Аяз Атаны асыға күткен балаларды қысқы ертегі кейіпкерлері қызықты да мазмұнды мерекелік бағдарламамен қарсы алды. Ертегі, Аяз Ата, Қарша қыз, кішкентай Аяз аталар мен Қаршалар балаларды қысқы ертегі әлеміне жетелеп, көпшілік-сазды ойындар мен бишілер өнерін тамашалады.

64

Жаңажылдық мерекеге қалалық әкімшілік қызметкерлері мен маслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының өкілдері, ардагерлер кеңесінің мүшелері, т.б. қонақтар қатысты. Қала әкімі  әкімінің орынбасары Нұртай Қайрат Ырзақұлұлы балаларға шырша шамын жағуға көмектесіп, құттықтау сөз сөйледі. Шанамен арнайы дайындалған сыйлықтар әкелініп, балаларға табысталды.

1011

Мерекелік бағдарлама барысында Мыстан кемпір мен Бармалей достарымен Жаңа жылды қарсы алуға кесірін тигізбек болғанымен балалардың бірлігі мен достығы арқылы «Жібек жолының жаңажылдық ертегісіне» саяхат жасады. Балалар Жібек жолы бойымен Қазақстан қалаларын аралап, ұлттық сазды аспаптармен оркестрде ойнап, көпшілік-сазды ойыны арқылы Қар Ханшайымына, Микки Маусқа кездесіп, «Шеңбермен», «Ұшамыз!» көпшілік-сазды ойыны арқылы барлық ертегі кейіпкерлерімен достасады. Балалар «Айгөлек», «Еркетай» ансамблінің орындауындағы тақырыпқа сай түрлі билерді тамашалап, жаңажылдық көпшілік-сазды ойындарды көтеріңкі көңіл-күймен  ойнады.

112

 

 

Публикация: 25.12.2015 г.