Қазақша Русский
Шымкент қаласының білім бөлімінің
Ресми сайты
2017-2018 жаңа оқу жылына балалары 1-сыныпқа баратын ата-аналардың назарына! 6-7 жасқа толған балаларды Шымкент қаласының бастауыш білім беретін мекемелеріне қабылдау School.shymkent.edu.kz портал арқылы электронды форматта жүргізіледі.
Яндекс.Метрика

Жиі қойылатын сұрақтар

Электронды 1 сыныпқа қабылдау бойынша мектептердің квотасын қай порталдан көре аламыз?

Квоталық берілген санды, керек құжаттамалар тізбесін Сіз, school.shymkent.edu.kz порталдан көре аласыз.

[свернуть]
Мектепке балаларды қай жастан қабылдайды?

Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 31-бабы. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» 1. Тармағына сәйкес, 1 сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысының 2 тармағының Бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібінде . Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

[свернуть]
Қай мектепке мөлтекаудан бойынша жататынымызды қай жерден білуге болады?

www.shymkent.edu.kz электронды веб-сайтынан көре аласыз.

[свернуть]
«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне баламды тегін қалай жіберемін?

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне төмендегі құжаттарды мектепке тапсыру арқылы тегін жолдама алуға болады: 1) өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 3) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 4) аз қамтылғандығы туралы дәлелдейтін құжаттар: — мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама немесе — табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары) немесе — жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі немесе — отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға тегін жодама беру туралы білім беру ұйымдары алқалы басқару органдарының шешімінің көшірмесі немесе — даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардың медициналық қорытындысының көшірмелері; 5) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда).

[свернуть]
ҰБТ қорытындысын қайдан білуге болады?

Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы www. testcenter.kz сайтында күнделікті жарияланатындығын мәлімдейді. Сонымен қатар, www.ivideon.com/tv/map сайт арқылы тестілеу барысын бақылауға болады.

[свернуть]
Саламатсыздарма баламды кезекке қалай қойсам болады?

Мектепке дейіні мекемелерге балаларды ХҚКО –ғы, Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі (egov.кz) және garden.shymkent.edu.kz порталы арқылы кезекке қоюға болады.

[свернуть]
Ағымдағы жөндеу жұмысына бюджеттен қаржы қаралған ба?

Барлық мектептерге ағымдағы жөндеу жұмысына қаржы бюджеттен қаралған. Биылғы жылы жылу жүйесін жөндеуге, қысымдаудан өткізуге және ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге 480 млн теңге қаржы қаралған.

[свернуть]
Бүгінгі таңда білім мекемелеріне қалай жұмысқа тұруға болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің 24.08.2016 жылғы №1789 қаулысының негізінде, білім беру мекемелеріне кадрларды қабылдау кезінде қызметкердің білімі мен біліктілігін, іскерлігін анықтау мақсатында жалпы ашықтық, әділдік қағидаларын насихаттау үшін конкурс негізінде іріктеу жүргізуге арнайы жүйе іске қосылғандығы туралы мәлімдей отырып, алдағы уақытта Шымкент қаласы әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайты арқылы бос орындар туралы мәлімет ала отырып, құжаттарыңызды электронды түрде тапсыруға мүмкіндігіңіз бар екенін назарыңызға жеткізеді.

[свернуть]
Ағымдағы жөндеу жұмысына бюджеттен қаржы қаралған ба?

Барлық мектептерге ағымдағы жөндеу жұмысына қаржы бюджеттен қаралған. Биылғы жылы жылу жүйесін жөндеуге, қысымдаудан өткізуге және ғимараттарға ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізуге 480 млн теңге қаржы қаралған.

[свернуть]
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектеп оқушыларына оқулықтар толық қамтылады деген болатын. Менің балаларым қала мектептерінің бірінде 5 және 8 сыныптарда оқиды. Алдағы оқу жылында оқулық мәселесі қалай болады?

2016-2017 оқу жылына ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы №13 бұйрығы негізінде 1,8-сыныптардың оқулықтары 100% қамтылды. Жаңа 2017-2018 оқу жылында ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2010 жылғы 8 қазандағы №4-02-2/2618 бекітілген кестесіне орай 2,5,7 сыныптардың оқушыларына оқулықтарды 100 % қамту жоспарлануда.

[свернуть]
Сәлеметсіздер ме? Мен көп балалы анамын. Балабақшаға 3-ұлымды берсем деп едім. Кезегін анықтап берсеңіздер. Халбай Ернар Берікұлы 20 02 2014. Алдын ала рахмет. Буланбаева Айдана

Құрметті Айдана ! Шымкент қаласының білім бөлімі, Сіздің 2016 жылы 19 қыркүйектегі №17/Жт-Б-1305 өтінішіңіз бойынша: 20.02.2014 жылы туылған ұлыңыз Халбай Ернар Берікұлы 2014 жылы 7 сәуірде кіріс № 119484 нөмірде тіркелген. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» №172 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алуға бірінші орында құқылы; — заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары; — ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; — жетім балалар; — көп балалы отбасылардан шыққан балалар; — әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары; — арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары. Сонымен қатар білім бөлімінің 101 бөлмесіне құжаттарыңызды тапсыруға болатындығын хабарлаймыз.

[свернуть]
(Сағат, нагрузка, ставка) Мұгалімдер арасында қалай үйлестірілу керек. Немесе мектеп директорның шешімі бойынша кімге қалай беретінін өзі біледіме?

Шымкент қаласының білім бөлімі Сіздің бөлімнің сайтына жазған 2016 жылғы 26 қыркүйектегі №17/ЖТ-Б-1341 сұрағыңызға төмендегіні мәлімдейді. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 52-бабының 7-тармағы 1) тармақшасына сәйкес орта білім беру бағдарламаларын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беруді іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын педагог қызметкерлерге айлық жалақыны есептеу үшін аптасына 18 сағаттық оқу жүктемесі белгіленген. Дегенмен, білім беру мекемесінде қызметкердің жеке келісімі бойынша 18 сағаттан аз апталық оқу жүктемесі белгіленуі мүмкін.

[свернуть]
Сәлеметсиздерме! Мен Ноғайбек Дана Құдабекқызы 2016жылы Шымкент қаласындағы Шымкен университетінін ДЕНЕ-шыныктыру мамандығы бойынша тәмәмдадым,енді мен жұмысқа орналаса алмай жүрмін. Сол себепті сіздерге жүгіндім, маган көмектериниз қажет.

Шымкент қаласы әкімдігінің 24.08.2016 жылғы №1789 қаулысының негізінде, білім беру мекемелеріне кадрларды қабылдау кезінде қызметкердің білімі мен біліктілігін, іскерлігін анықтау мақсатында жалпы ашықтық, әділдік қағидаларын насихаттау үшін конкурс негізінде іріктеу арқылы жұмысқа қабылданады. Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің shymkent.gov.kz ресми сайты арқылы бос орындар туралы мәлімет ала отырып, құжаттарыңызды электронды түрде тапсыруға мүмкіндігіңіз бар екенін назарыңызға жеткізеді.

[свернуть]
Сәлеметсіздерме! Мен қызым 2017жылы менің қызым 3 тамызда 6 жасқа толады мектепке қабылдайды ма? Екінші сұрақ мектепке кезеке қойамызба немесе аталған мектепке барамыз ба? Аманкелдиева Гауxар

Құрметті Гаухар Аманкелдиева! Шымкент қаласының білім бөлімінің www.shymkent.edu.kz веб сайтына, Сіздің 27 желтоқсан 2016 жылы түскен өтінішіңізге төмендегідей жауап береді. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңының 31-бабы. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» 1. Тармағына сәйкес, 1-сыныпқа оқуға балалар алты жастан қабылданады. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №127 қаулысының 2 тармағының Бастауыш білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібінде . Бастауыш білім беру ұйымдары даярлық деңгейіне қарамастан, кезекті оқу жылының 1 қыркүйегіне дейін білім беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарындағы алты (жеті) жасқа толған барлық балалардың бірінші сыныпқа қабылдануын қамтамасыз етеді.

[свернуть]
Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты №26, 29 мектептердің ауласы қашан қоршалады? Себебі балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау баршамыздың міндетіміз.

Сұрағыңыз өте орынды. 2017 жылы бюджеттен 27 мектептің ауласына қоршау орнату жұмыстарына 214, 762 млн теңге қаржы қаралып отыр. Оның ішінде №26, 29 мектептердің қоршауы қарастырылған.

[свернуть]
Үш ауысымға өту қаупі бар мектептер туралы не айтар едіңіз?

Қаладағы 129 мектептің ішінде 11 мектеп үш ауысымға өту қаупі бар. Жылдан жылға жаңа қоныстанушылардың көбеюіне байланысты бала саны да артуда. 2017 жылы үш ауысымда білім алып жатқан 5 мектептің құрылысы пайдалануға беріледі. Индикативті жоспарға сәйкес 2017-2020 жылдарға жасалған жоспар бойынша 18 жаңа мектеп, 16 қосымша құрылыс салынады деп жоспарлануда. Сайрам ауданынан өткен №99, 103 мектептерге 2017 жылы қосымша құрылыс салу жоспарлануда.

[свернуть]
Мектепке мамандығым бойынша қалай жұмысқа орналасуыма болады?

Білім мекемелеріндегі бос орындар thunter.shymkent.gov.kz сайтына жарияланады, кез-келген үміткер таңдаған мекемедегі лауазымына құжаттарын электронды түрде жолдайды. Ары қарай мұғалімдерді іріктеу бойынша ашық комиссия отырысы өткізіліп, жеңімпаз анықталады.

[свернуть]
Кезектен тыс педагог кадрлардың аттестациясынан қалай өтуге болады?

Педагог қызметкерлер мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін, әр жылдың қараша, желтоқсан айларында Ұлттық тестілеу орталығының Шымкент қаласы филиалдарының ұйымдастыруымен өткізілетін біліктілік тестілеуден өтуі қажет.

[свернуть]
Шымент қаласында орналасқан білім мекемелеріне және қызметкерлеріне жазбаша шағымды қалай беруімізге болады?

Білім мекемелеріндегі орын алған заңсыз іс-әрекеттер бойынша арыз-шағымдарды Шымкент қаласы білім бөлімінің «shymkent.edu.kz» ресми сайтына немесе Рысқұлов көшесі, №8 мекен-жайы бойынша орналасқан «Фронт-Офис» орталығына жазбаша түрде қалдыруға болады.

[свернуть]
Жаңа форматтағы қорытынды аттестаттау және ҰБТ туралы

1.Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы 2. ҰБТ форматындағы жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. 1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді. Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді. Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый: 1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі. Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет. Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек. Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары 1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға міндетті ме? 2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба? 3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба? Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшартары қолданылады. 2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады. Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған. 3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша); Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.). 4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл); 5) Таңдау пәні бойынша тестілеуге бір пән таңдалады: физика, химия, биология, география, геометрия, дүне жүзі тарихы, әдебиет, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика. Барлық тест тапсырмалары 40 сұрақ (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл); Тестілеуге қатысуға өтініш қабылдау 10 наурыз – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ны өткізу пункттері арқылы жүзеге асырылады. ҰБТ 165 ҰБТ-ны өткізу пункттерінің базасында өткізіледі. ҰБТ-ны өткізу мерзімі – 20 маусым мен 1 шілде аралығы. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі. Шекті балл – 50. «Алтын Белгі» иегерлері, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық, республикалық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҰБТ-ны жалпы негізде тапсырады, сондай-ақ балл саны бірдей болған жағдайда білім беру гранттарын алу басымдығы оларға беріледі (Мысалы, егер бітіруші және «Алтын Белгі» иегері де 122 балл алса, грант «Алтын Белгі» иегеріне беріледі. Егер бітіруші көбірек балл жинаған жағдайда, «Алтын Белгі» иегеріне басымдық берілмейді). Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5 халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнайы гранттар бөлінеді.

[свернуть]
Мектепте балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?

1) Ата – анасының немесе қорғаншысының өтініші; 2) ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжат (жеке сәйкестендіру үшін қажет); 3) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке сәйкестендіру үшін қажет); 4) некеге тұру немесе бұзу туралы куәліктің көшірмесі; 5)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; 6) алған табысы туралы құжаттар (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақылары туралы, кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерлерінен түсетін табыстары туралы, жан басына шаққанда орташа табысы күн көріс деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан көрсетілетін қызметті алушылар үшін балаларға және басқа да асырандыларға төленетін алимент түріндегі табыстары туралы анықтама); 7) отбасында тәрбиеленетін жетім балаларға немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық (қорғаншылық) бекіту туралы уәкілетті органның шешімі; 8) отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы білім беру ұйымдарының алқалық орган шешімінің, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттардың көшірмесі;

[свернуть]
Бюджет есебінен берілетін қала сыртындағы лагерлерге қандай отбасының балалары демала алады?

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға; 2) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға; 3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға; 4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға; 5) білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына тегін түрде көрсетіледі.

[свернуть]
Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін қандай құжаттар өткізу керек?

1)Ата-анасының немесе қорғаншысының өтініші; 2) Ата-анасының немесе қорғаншысының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 3) баланың тууы туралы куәлігінің көшірмелері (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 4) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасылардан шыққан мемлекеттік қызметті алушылар санаты үшін көрсетілетін қызметті алушының (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама; 5) табысы туралы мәлімет (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы адамдардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылар табыстары) 6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы уәкілетті органның шешімі. 7) отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау негізінде, сондай-ақ қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін басқа да қажетті құжаттар негізінде қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуға тегін жодама беру туралы білім беру ұйымдары алқалы басқару органдарының шешімінің көшірмесі; 9) даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық-консультациялардың медициналық қорытындысының көшірмелері; 10) көрсетілетін қызметті алушының флюросуретімен қоса денсаулық жағдайы туралы (медициналық паспорты) анықтама (болған жағдайда).

[свернуть]
Балам биыл 1сыныпқа барады. Мектептерге қабылдау тәртібі қандай?

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 179 бұйрығына 1-қосымша «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының талаптарына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру арқылы: 1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызмет берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде — қолхат алу үшін бес жұмыс күні;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау үшін:
оқудың күндізгі және кешкі нысанына – 30 тамыздан кешіктірмей;
бірінші сыныпқа – 1 маусым мен 30 тамыз аралығында;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
 Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: электронды, қағаз түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат және жаңа оқу жылынан бастап бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымына қабылдау туралы бұйрық.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электронды, қағаз түрінде.

[свернуть]
Балабақшада ата-ана төлем ақысы қанша теңгені құрайды?

3 жасқа дейінгі балаға 331,06 х 21 күнге=6952,26 теңге, 3 жастан 7 жасқа дейін 398,78 х 21=8374,38 теңге.

[свернуть]
Баламның балабақшаға кезек нөмірін қалай білуге болады ?

Балаңыздың кезегін үкіметтің электрондық поштасы (egov.kz) арқылы білуге болады.

[свернуть]
Баламды балбақшаға орналастыру үшін қандай құжаттар қажет?

— Өтініш; — туу туралы куәліктің көшірмесін; — ата-анасының жеке куәлігінің көшірмесін немесе заңды өкілдерінің бірінің куәлігінің көшірмесін

[свернуть]
Баланы балабақшаға орналастыру үшін қандай жеңілдіктер бар ?

Мектепке дейінгі мекемелерге жолдама алуға бірінші орында құқылы; — заңды өкілдері мүгедек болып табылатындардың балалары; — ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар; — жетім балалар; — көп балалы отбасылардан шыққан балалар; — әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру уақытында қаза тапқандардың, қайтыс болғандардың немесе хабар-ошарсыз кеткендердің балалары; — арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабар ошарсыз кеткен қызметкерлердің балалары.

[свернуть]
Балабақшадан баламды 2 айға демалысқа алуға бола ма?

Мына төмендегі жағдайларда 2 ай демалыс алуға болады; 1) ата-анасының немесе заңды өкiлдерiнiң бiреуiне еңбек демалыс берiлген; 2) бала жаз маусымында екi айға дейiнгi мерзiмде сауықтырылған жағдайларда болады.

[свернуть]
Қандай балаларға қамқоршылық және қорғаншылық белгіленеді?

Кәмелетке толмаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 14 жасқа толған балаға қамқоршылық, 14 жасқа толмаған балаға қорғаншылық белгіленеді.

[свернуть]
Қамқоршылық және қорғаншылық белгілеуге кәмелетке толмаған баланың келісімі қажет па?

Қамқоршылық және қорғаншылық белгілеуге 10 жасқа толған баланың келісі міндетті түрде қажет.

[свернуть]
Кәмелетке толмаған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың қамқоршысы немесе қамқоршысы болып қандай азаматтардың белгіленуіне жол берілмейді?

1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдар; 2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдар; 3) өзiне Қазақстан Республикасының заңында жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерінен шеттетiлген адамдар; 4) егер сот олардың кiнәсi бойынша бала асырап алудың күшiн жойса, бұрынғы бала асырап алушылар; 5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы мiндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар; 6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдар; 7) қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу кезінде қасақана қылмыс жасағаны үшін жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар адамдар; 8) азаматтығы жоқ адамдар; 9) анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқығынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде (ерлі-зайыптылықта) тұрмайтын еркек жынысты адамдар; 10) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдар; 11) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдар; 12) адам өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтары, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдар.

[свернуть]
Бала асырап алуға үшін қандай құжаттар тізбесі керек?

1) бала асырап алуға тілек білдіру туралы өтініш; 2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі); 3) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі; 4) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама); 5) отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге (ерлі-зайыптылыққа) тұру (бұзу) туралы куәліктің көшірмесі, балалардың (бар болса) туу туралы куәліктерінің көшірмесі); 6) Үміткердің денсаулығы туралы және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрғандығы туралы мәліметтің жоқтығы жөнінде анықтама; 7) Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебі бойынша қылмыс жасағаны жөніндегі мәліметтердің бар немесе жоқтығы туралы анықтама; 8) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі. Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

[свернуть]
Патронат тәрбиешісі болу үшін педагогикалық білім болу тиісті ма?

Педагогикалық білім талап етіледі.

[свернуть]